Экология • 08 Қаңтар, 2024
Аралды құтқарудың бүгінгі амалы
2024 жылдан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақ еліне өтті. Алдағы үш жыл бойы еліміз аталған ұйымды басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2024
Алтын кенішіндегі апат: Автобус әлі табылған жоқ
Майқайыңның алтын шахтасы маңында болған қайғылы жағдайға кеніш басшылығы кінәлі болуы мүмкін. Автобус жер астына түсіп кеткен аумақ қыстың күні де қатпай, буы бұрқырап жататын ойпаң жер болған. Соған қарамастан оның үстінен салынған жолмен көліктердің қатынасы үзілмеген. Ал апаттан бір күн бұрын кеніште жер жару жұмыстары болғаны туралы кәсіпорын жақ ашпай отыр.
Теннис • 08 Қаңтар, 2024
Отандасымыз Жібек Құламбаева Таиландтағы Нонтхабури ITF турнирінде жұптық сында өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Тағайындау • 08 Қаңтар, 2024
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болып Рустам Әли тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2024
Цифрлық ғаламға жан бітірген швейцария ғалымы, информатика маманы Никлаус Вирт 89 жасында қайтыс болды.