Өнер • 26 Желтоқсан, 2023
Кейде әуенмен-ақ жүректің кілтін табуға болады. Сөзсіз, эмоциясыз, тіпті мимикасыз-ақ нотаға түскен саз көңіл көгершінін еркін самғатады. Әртүрлі аспаптың толқынынан туған тамаша туындылар – көрерменнің жан азығы. Осы аяулы әсерді Талдықорғанда өткен классикалық музыка кешінен алдық. Адамның жан әлеміне еркін бойлаған көркем шығармалар шынайы өнердің құдіретін сезіндірді.
Айтыс • 26 Желтоқсан, 2023
Биылғы жылжабар республикалық айтысы Орал қаласында өтті. Сайыстың қазылар алқасына төрағалық еткен Жүрсін Ерман Орал қаласын «Алматы мен Астанадан кейінгі айтыстың астанасы» деп атады.
Тұлға • 26 Желтоқсан, 2023
Биыл Қазақ телевизиясының құрылғанына 65 жыл толды. Осы аралықта қазақ дикторларының ұлттық мектебі қалыптасты. Мәселен, тұңғыш диктор Зұлқия Жұматовадан бастап Ләзиза Аймашева, Орынбала Оразбаева, Ләскер Сейітов, Мариам Айымбетова, Қажы Қорғанов, Тыныс Өтебаев секілді аға-апаларымыз аталған мектептің қалыптасуына зор үлес қосты. Бала күнімізде бұл дикторлардың шет жағасын теледидардан біз де көрдік. Дауыстары қандай әсем, тұнық еді. Осы айтулы тұлғалардың ізін басып, өз мамандығының мерейін асырған дарабоз диктордың бірі – Әбдірәлі Бөлебай.
Мәдениет • 26 Желтоқсан, 2023
Сұлу әнге адал болып өткен Сейіл жүректің дамылдағанына бір жыл. Алты ішекті гитарасын қолына алып, «Таң самалынан» бастап, тек есті әндерді шырқайтын Сейілін елі шын пейілімен сағынған екен. Мұны Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өткен қазақтың аяулы әншісі Сейіл Аяғанды еске алуға арналған «Сұлу ән, саған адалмын!» атты кешке жиналған қауымның қарасынан аңғардық. Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің концерт залына келген көрермен сыймады. Тік тұрып тамашалады. Ал бұл – шын талантқа көрсетілген тағзым, ән құдіретіне көрсетілген құрмет.
Зерде • 26 Желтоқсан, 2023
Жаңалық ауылындағы «Қуғын-сүргін құрбандары» музейінде қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Пассионар тұлға» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға келген ҰҒА академиктері, жүргеновтанушы-ғалымдар, зерттеушілер мен зиялы қауым өкілдері, ең алдымен, репрессия жылдары жазықсыз жапа шегіп, оққа ұшқан құрбандарды еске алу ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, арыстар рухына тағзым етті.