Тағайындау • 26 Желтоқсан, 2019
Жоғарғы Сот судьялары сайланды
Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы негізінде және Конституцияға сәйкес Төлебай Қожан мен Бағлан Мақұлбеков орнынан түсуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 26 Желтоқсан, 2019
Сенат бірқатар халықаралық құжатты ратификациялады
Парламент Сенатының отырысында Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің (ГРЕКО) артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісім ратификацияланды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019
Премьер-Министр Жамбыл облысында болды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде қолға алынған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы әуелі Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласына барды.
Президент • 26 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Алматыда Жастар жылы қорытындыланды
Әрбір үшінші тұрғыны жастардан тұратын қаладағы жастардың саны 700 мыңға жуықтайды. Оңтүстік астананың 39 жоғары оқу орны мен 80 колледжінде білім алып жатқан жастардың саны – 233 мың.