Әлем • 25 Желтоқсан, 2018
Италияда Этна жанартауының атқылауы басталды
Кеше италияның Сицилия аралында Этна жанартауының атқылауы басталды. Белсенді вулкан салдарынан жер сілкінісі де болды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Қарағандылық балақайлар Президент шыршасында шаттанды
Кеншілер астанасында Президент шыршасы мерекесі ұйымдастырылып, оған облыстағы балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, сонымен қатар оқуда, шығармашылықта және спортта жетістіктерге жеткен 180 оқушы қатысты.
Футбол • 25 Желтоқсан, 2018
Көк теңіздің атын иеленген ақтаулық футбол командасы өзіндік ойын өрнегін көрсетіп жүрген топтың бірі. Желкілдеген жастардан құралған әрі биыл жөндеуден өткен стадионда ойын өткізуге мүмкіндік алған топ ендігі кезекте премьер-лигаға шығуды жоспарлап отыр.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
Жедел «Көмек-103» – жұртқа керек ізгі іс
Жаппай жүргізіліп жатқан цифрландыру бағдарламасының оң нәтижесі нақты салаларда өз жемісін бере бастады. Әсіресе аймақтағы дамуы кенжелеп қалған бағыттар үшін бұл бағдарлама тосын күш беріп, игілікке жол ашты. Мысалы, өңірлердегі медициналық қызмет көрсету саласының жұмысына цифрлы басқарудың енгізілуі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың денсаулығын сақтауға жаңаша серпін қосты.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018
«Жаңа жылдық Судоку» қойылымын аренаға шығарды
Бұл күндері Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі өз репертуарын таңғажайып трюктермен толықтыру үшін жаңа таланттарды тоғыстыруға көшті.