Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
Жыр-термелерімізді неге жаңғыртпаймыз?
Бүгінде жағымсыз естілетін, тыңдай қалсаң, аза бойыңды қаза қылатын арзан әнсымақтар көбейіп барады. Әуені қандай әлсіз болса, сөзі де сондай сылдыр. Осылай кете берсе, халық сүйіп тыңдайтын әндер шығарылмаса, ән өнерінде қандай қадір-қасиет қалмақ? Келешекте ел-жұрттың талғамынан шығатын, әрі оларға рухани нәрі мен сыршыл сезім күйін сыйлай алатын құнды дүниелер қатарын қалайша толықтыруға болады?
Білім • 09 Қаңтар, 2019
Лицей шәкірттері шетінен домбырашы
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра», деді Қадыр ақын. Сол нағыз қазақтың біз білмейтін, білсек те байыбына бара бермейтін қыры мен сыры көп. Қарапайым ғана қоңыр ағаш бойында қаншама құндылық жасырын жатыр. Соның бір парасы домбыраның өзі ұстаз.
Геометрияны ескірген пайымдардан қашан арылтамыз?
Мектеп оқулықтарының сапасы туралы сыни әңгімелер аз айтылып жүрген жоқ. Біз де бұл жерде 7-8-сыныптарға арналған геометрия оқулықтарындағы көптеген ұғымның жаңылыс, бұдан мыңдаған жылдар бұрынғы түсінікпен оқытылып келе жатқанын айтпақпыз.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2019
Риккардо Коччанте: Қазақстанмен қоштаспаймын
«Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымына қарасты «Astana Musical» театрында дүние жүзіне кеңінен танымал болған франциялық-канадалық жоба - «Notre Dame de Paris» мюзиклінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрерменге жол тартқаны туралы бұрын жазған болатынбыз. Виктор Гюгоның белгілі романы негізінде дүниеге келген бұл шығарманың авторлары – Люк Пламандон (либреттосын жазған) мен композитор Риккардо Коччанте. Осыдан 20 жыл бұрын көрерменге ұсынылған туынды содан бері әлем халықтарының 9 тіліне аударылған.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2019
Жаңа құндылыққа жалғасқан түп-тамыр
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы халқымыздың ортақ тарихын танытқан бағдарламалық құжат. Мемлекет басшысы жаңа еңбегінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігін айтты. Президент ұлт тарихындағы кеңістік пен уақытты сараптай келе, Ұлы даланың жеті қырына ерекше тоқталды.