Қоғам • 04 Қаңтар, 2023
Қазақстанда шешімін таппай тұрған өзекті мәселенің бірегейі – коммуналдық желілердің тозуы. Жақында болған Екібастұз проблемасы біздің коммуналдық инфрақұрылымда үлкен проблема бар екенін көрсетіп берді. Егер негізгі қорлардың тозуы 45 пайызға дейін болса, онда бұл қалыпты жағдай саналады екен. 45-60 пайыз аралығы дағдарыс алдындағы ахуалдан хабар береді. Ал 65 пайыздан жоғары деңгейдегі тозу апатты жағдайдың жақындағанын және жылу мен энергия берудегі төтенше жағдайлар жиілігін аңғартады.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2023
Заңсыз ойын бизнесіне қатысты Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеген бес қылмыстық іс бойынша сот үкім кесті. Жалпы, заңды айналып өтіп, пайда табуды көздейтіндердің экономикаға келтіріп отырған залалы орасан. Дегенмен оған заңдылық шеңберінде тыйым салуға болады. Ең қиыны, жастардың осы заңсыз ойындарға әуестігі. Қазір әлеуметтік мәселеге айналып отырған бұл проблеманың алдын алу оңай болмай тұр.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2023
Білім саласындағы былықтар Түркістан өңірінде көптен бері көтеріліп келеді. Жас ұрпаққа дұрыс бағдар, сапалы тәлім-тәрбие беру басты міндеті саналатын білім беру мекемелерінің жұмысы ашық та мінсіз болуға тиіс. Алайда өңірдің білім саласы қателіктен сабақ алмай, жемқорлыққа жиі жол береді. Жуырда бұл саладағы заңсыздықтар мен кемшіліктер облыстық қоғамдық кеңесте айтылды.
Медицина • 04 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасы – Петропавлдағы байырғы емдеу мекемелерінің бірі. Жыл сайын 11 мыңға жуық балаға стационарлық көмек көрсететін аурухананың 11 бөлімшесі бар. Жылына түрлі науқасқа 2,5 мыңдай операция жасалады. Әрине, біліктілігі жоғары мамандар жетіспесе де көптеген науқас бала біршама ем алған соң Астана мен Алматының білікті дәрігерлерінің қарауына жіберіледі.
Медицина • 04 Қаңтар, 2023
Жұқтырылған иммун тапшылығы созылмалы аурулар қатарына қосылмақ
Төрт түрлі жолмен жұғатын және әлі күнге дейін толық шипасы табылмаған адамның иммун тапшылығы вирусының анықталғанына да 40 жыл болды. Оқырманға түсінікті болуы үшін емі жоқ вирусты жұқтырған жағдайда, бұл ағзадағы қорғаныш жүйесіне жауап беретін CD4 жасушаларын біртіндеп жоя отырып, уақыт өте келе ЖИТС-ке айналатынын айта кетейік. Аурудың асқыну сатысы CD4 клеткаларының азаюына қарай анықталады. Дегенмен оның ем-домын үзбей қабылдап, өз құпиясымен қалыпты өмір сүріп жатқан жандар бар.