Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023
Қаржыны дұрыс жоспарламаудың әлегі
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мекемесінде электр желілері қосалқы стансасын салуға орындалмаған жұмыстар үшін 356 млн теңге аударылған. Ал «Төле би ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі 8 млн теңгені жеке ашылған есепшотына негізсіз артық аударғаны анықталып отыр. Қабылданған шаралармен жоғарыда айтылған сомалар бюджетке толық көлемде өтелген. Тиісті материалдар құқық қорғау органдарына беріліп, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023
Әлеуметтік нысан құрылыстары қашан аяқталады?
Шығыс Қазақстан тұрғындарының көкейінде жүрген үлкен мәселенің бірі – құрылысы сағыздай созылған Өскемен – Талдықорған, Омбы – Майқапшағай бағытындағы күре жолдар. Сондай-ақ Өскемен – Алтай арасындағы асуға салынып жатқан төте жолдың аяқсыз қалғанына да алаңдайды ел. Бұқтырма су қоймасындағы көпір құрылысы мерзімінде пайдалануға беріле ме деген күмәнді ой және бар.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2023
Ерекең, Ержұман аға есімін қазақ журналистикасының соңғы үш буыны өте жақсы біледі десек, бұл артық айтқандық емес. Олар: кешегі аға ұрпақ өкілдері мен өзіміз сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің замандастары және кейінгі ізбасар іні әріптестері. Өйткені оның орта мектепті бітірген соң міндетті әскери борышын өтеп, одан КазГу-ге оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейінгі 42 жылға жуық өмірі міне, жоғарыда аталған жандардың ортасында өтті. Атап айтқанда, «Лениншіл жаста» аты аңызға айналған редактор Сейдахмет Бердіқұловтан тәлім-тәрбие алып, «Социалистік Қазақстанда» білімді де білікті басшылар Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлынан тәжірибе жинақтады. Кейін бұл басылым «Егемен Қазақстан» атанғанда бас редакторлық қызмет атқарған атақты Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевқа сенімді серік болды. Одан соң осы жерде замандастары Нұрлан Оразалин, Уәлихан Қалижанов және Жанат Елшібекпен жұмыс істегенде, өзара сыйластық пен түсіністіктің үлкен үлгісін көрсетті. Ал ізбасар інілері Сауытбек Абдрахманов, Еркін Қыдыр, Мейрамбек Төлепбергенмен еңбек еткендегі ұстамды да ұлағатты бірлік белгісін сол кездегі ағамызбен қызметтес болған әріптестері өте жақсы біледі.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2023
Жиырма алты жылдан кейінгі қауышу
Жазмыш дейтін бір шырғалаң, тағдырыңыз қандай қиыншылық дайындап тұрғаны белгісіз. Біздіңше, тірі жүріп туған жеріне жете алмаудан ауыр қасірет жоқ. Бүгін сондай бір оқиғадан сыр тартпақпыз. Жоғалған қырғыз елінің азаматы 26 жылдан соң Талдықорғаннан табылды.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023
Мұнайлы өңір қаржыны неге игере алмады?
Соңғы жылдары жаһан жұртын шырмауықтай шырмаған қауіпті індет талайды сын тезіне салды. Өйткені стратегиялық әрі әріптестік байланысы бар елдердің бір-бірімен экономикалық алыс-берісі, барыс-келісі азайып, тіпті сан алуан өнімін экспортқа шығарудың өзі мұңға айналды.