Батыс Қазақстан облысында медициналық сақтандыру қорына 4,2 млрд теңге жиналған
Батыс Қазақстан облысынан 2018 жылы Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 4,2 млрд теңгені құрады. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
«Уәлихановты өзімізге қайтарыңдар» Семейдегі көше жекеменшікке қалай сатылып кеткен?
Семей қаласының Засядко көшесіндегі №58 үйдің тұрғындары телефон шалып, мұңдарын шақты. «1998 жылы салынған, 226 пәтері, 600-ге жуық тұрғыны бар біздің үй Шоқан Уәлиханов пен Засядко көшелерінің қиылысында орналасқан. «Семей автобекеті» де осы маңда орын тепкен. Біз осы қалалық автобекетте жалда болған Ш.Уәлиханов көшесінің жекеменшікке сатылып кеткенін естідік. Бұл қалай болғаны? Қаншалықты заңды? Келіп, жағдайымызбен таныссаңыз жақсы болар еді» деп өтініш жасаған соң Семейге жол тарттық.
Учаскелік дәрігерлердің жалақысы көбейеді
Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Шалғынбай Баймағамбетов Мемлекет басшысы Жолдауының басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту екендігін айтады.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
103 жастағы Бәти әже Мұқағали өлеңдерін жатқа айтады
Райымбек ауданының қарт тұрғыны Бәти апаны сырттай сұрастырып таптық. Қарияны білетін жұрттың барлығы бірауыздан «Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтатын апа ғой...» деп жөн сілтеген еді.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
Зияткерлік мектеп әдістемесімен танысты
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында «Жаңартылған білім мазмұнын енгізу жағдайында критериалды бағалауды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді. Ақтаудағы аталған мектептің іс-тәжірибесін тарату, жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатындағы семинар аудан орталығындағы №7 мектеп-лицей қабырғасында өтіп, 320 пән мұғалімін қамтыды. Ұстаздар басқосуда көкейкесті сауалдарын қойды, критериалды бағалаумен жіті танысты.