Саясат • 05 Қаңтар, 2023
Заңға құрмет – мемлекетке құрмет
Менің түсінігімдегі әділет – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де – барлығы заңға бағынуы керек. Сондай-ақ заңды ел азаматтары да сақтауға тиіс. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да заң аясында болуға тиіс. (Қасым-Жомарт Тоқаев. Facebook парақшасынан, 8 мамыр 2019 жыл)
Қоғам • 05 Қаңтар, 2023
Туу туралы куәлік алу әуре-сарсаңға түсіреді деп кім ойлаған? Жүре берсең көре беретінің рас екен. Тараздық тұрғындар біршама уақыттан бері тілдей қағазға қол жеткізе алмай алашапқын болып жүр. Қала әкімдігі құжат сұрағандарға «бланкі жоқ» деген уәж айтып, оларды кері қайтарып жатыр.
Экономика • 04 Қаңтар, 2023
Қазір Қазақстанда екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Өткен жылдардағы цифрларға қарасақ, банктердің біршама сиреп қалғанын байқаймыз. 2014 жылы елімізде 38 банк жұмыс істесе, 2017 жылы – 32, 2020 жылы – 26, ал 2022 жылы қыркүйекте 22 банк болды. Әрине, жұмысы өнбеген банктердің нарықтан кетіп, стратегиясы әлсіз ұжымдардың күшті институттар құрамына жұтылуы – табиғи заңдылық. Осыдан екі-үш жыл бұрын ел аумағында Tengri Bank, Delta Bank, Qazaq Banki, Astana Bank секілді қаржы мекемелерінің болғанын біріміз біліп, біріміз білмейміз.
Экономика • 04 Қаңтар, 2023
Отандық автонарықтағы 2021 жылғы тенденция былтыр да сақталды. 2022 жылы да сатып алушылар тарапынан Chevrolet, Hyundai, KIA, Toyota және LADA автомобильдеріне сұраныс көп болды. Жалпы, еліміз бойынша сатылған автомобильдердің 76 пайызы осы маркаларға тиесілі. Әсіресе Chevrolet Cobalt, Chevrolet Nexia және Hyundai Tucson модельдеріне сұраныс жоғары. Сондай-ақ былтыр Toyota Camry автомобильдері Қазақстанда көп сатылған 10 модельдің қатарынан шығып қалды.
Экология • 04 Қаңтар, 2023
Орталық Азия: әйелдер кәсіпкерлігі
Әйелдердің бизнес қоғамдастығы мен мемлекет арасындағы диалогті, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, тәжірибе алмасу мақсатында «Орталық Азия елдеріндегі әйелдер кәсіпкерлігінің күн тәртібі» өңірлік конференциясы өтті.