Саясат • 10 Қаңтар, 2019
Ұлттық ұлан сарбаздары шыңдалып жатыр
Ұлттық ұлан ұйытқы болған әрбір іс-қимыл немесе кез келген жоспар-жобалар Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттермен ұштасып жатыр. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының қолдауымен Ұлттық ұлан үздік офицерлердің білім мен біліктілігін Ресей мен Беларусь және Түркия елдерінде жетілдіруге мүмкіндік алды.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
Сириядағы сергелдеңге түскен отандастарымыз елге оралды
Сириядағы соғыс өрті тұтанғанына 8 жылға жуықтап қалды. Қарулы қақтығыстар салдарынан әлеуметтік және экономикалық жағдай тұралап, Шам елінің миллиондаған тұрғыны басы ауған жаққа босып кеткені мәлім. Өз халқы осылай босып жатқанда, мұндағы лаңкестік топтар сырт елдердің азаматтарын арбауына түсіріп, «жиһад» іздеп барған талай жанның өмірі ойран болды. Өкініштісі, солардың арасында еліміздің азаматтары, өрімдей жастар, бесіктен белі шықпаған балалар бар. Бірнеше жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл бағытта жүйелі шаралар қолға алынып, талай азаматымыз ағымдар арбауынан құтқарылды. «Жусан» деп аталатын осындай кезекті операция 5-6 қаңтар күндері өтіп, сәтті аяқталды.
Президент • 10 Қаңтар, 2019
Президенттің жұмыс кестесі: 2018 жылдың негізгі қорытындылары
2018 жыл Қазақстан үшін еліміздегі бірқатар маңызды стратегиялық реформаның жүргізілуімен және халықаралық аренадағы елеулі табыстарымен есте қалды. Бұл Мемлекет басшысының әдеттегідей тығыз әрі барынша қарқынды жұмыс кестесінің мазмұнында көрініс тапты.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
Астаналықтардың орташа жалақысы қалай есептеледі
Астанадағы орташа айлық номиналды жалақы – 230 мың теңге. Астана қаласы Статистика департаментінің жетекшісі міндетін атқарушы Жанар Серікбаева бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.
Министр Қасымов Арменияның Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесті.