Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
Іздеусіз, сұраусыз қалып келген қазынамыз аз ба? Кезінде Сарайшық пен көне Үргенішті жалғастырған Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ортағасырлық Таскешу керуен сарайы да талай жылдар бойы топырақ астында елеусіз күй кешті.
Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019
Қазынасын түгендеген Шыңғырлау
Тәуелсіздік алғанға дейін Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы халқының тең жарымы өзге ұлт өкілдері болған екен. Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектесіп жатқан өңірге Столыпин реформасы кезінде қарашекпендер көп келген. Орыстандырудың тағы бір толқыны тың игеру тұсында болды. Сөйтіп, кезінде хан жайлаған қазақтың тарихи топырағы орыстанған өңірге айналып кете жаздаған.
Әдебиет • 10 Қаңтар, 2019
Өз сынынан қорыққан драматург (1-бөлім)
Н.В.Гоголь өзінің хаттарының бірінде былай деп жазған еді: «Театр деген еріккеннің ермегі емес, әрбірден соң қажеті жоқ бос әурешілік те емес. Егер оның шаңырағының астына бір-біріне ұқсамайтын мыңдаған адам сыйып, сол мыңдаған адам бір сәтте күліп, бір сәтте күңіреніп, бір сәтте көзіне жас алып күрсінетін болса, оны қалайша қасиет тұтпауға болады? Ол деген барша әлемнің алдында асқақ үніңді білдіре алатын алып кафедра ғой». Бұл жолдарда Гоголь театр дегеннің шынайы бейнесі мен мәнін, оның бүкіл болмысын ашып көрсете білді.
Құмар ойындарға бақылау күшейтіледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның биылғы алғашқы жалпы отырысында депутаттар үш мәселе қарады. Атап айтқанда, депутаттар алдымен ойын бизнесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, құмар ойындар бойынша құқықтық реттеу деңгейін арттыруға, оларға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасын жұмысқа алды. Аталған заң жобасы букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қызметін бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермек. Бұдан соңғы қаралған мәселелер ел қауіпсіздігіне қатысты болды.