Қазақстан • 06 Қаңтар, 2023
Қаралы қаңтар: Елдіктің сын сағаты
Елімізді дүрліктірген Қаңтар қасіретіне 1 жыл болды. Бастапқыда бейбіт басталып, соңы қарулы қақтығысқа ұласқан осынау оқиға кезінде халқымыз үлкен қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығы мен тәуелсіздігіне зор қауіп төнді. Бұл оқиғаның әлі де ашылмаған, жалпы көпшілікке беймәлім тұсы көп. Өткен аптада Мәжіліс депутаттары халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар басшылары жауап беруін талап еткен болатын. Осыған орай кеше Бас прокурор Берік Асылов Мәжілісте депутаттар сауалына жауап берді. Сонымен қатар жиынға Ішкі істер министрі мен өзге де сала басшылары, заңгерлер мен сарапшылар, оқиға куәгерлері қатысты. Бас прокурор шабуылдаушыларға оқ ату Президенттің мәлімдемесінен бұрын басталғаны жөнінде атап айтты. Оның айтуынша, күштік құрылым қызметкерлері жауынгерлік қаруды бірінші рет Алматыдағы Президент резиденциясын қорғау кезінде – 5 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында қолданған. Ал Мемлекет басшысы ел тұтастығына қауіп төндіргендерге қару қолдану туралы бұйрықты 7 қаңтарда берген болатын. «Демек шабуылдаушыларға қарсы оқ ату Президенттің белгілі мәлімдемесінен едәуір бұрын болған. Іс жүзінде, қылмыскерлерге оқ ату үшін күштік құрылымдарға арнайы бұйрық қажет емес. Бұл жөнінде құқық қорғау қызметі туралы, Ұлттық ұлан туралы, терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарда тікелей нормалар бар. Олар адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда шабуылды тойтару үшін атыс қаруын қолдануға мүмкіндік береді», деді Бас прокурор.
Экономика • 06 Қаңтар, 2023
Декларация тапсыруды ұмытпаңыз!
Биылдан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы салық органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Яғни осы жылы жалпыға бірдей декларациялау бюджет қызметкерлеріне – мұғалімдерге, дәрігерлерге, спорт және мәдениет өкілдеріне, сондай-ақ квазимемлекеттік және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты болады. Мәліметтерді уақтылы ұсынбағандарға әкімшілік айыппұл салынады.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Елімізде 49 жекеменшік IT-мектеп Tech Orda бағдарламасы бойынша IT-мамандарды даярлауды бастады. Бұл бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген болатын. Дәлірек айтсақ, Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың IT-маман даярлау міндетін жүктеген еді.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Әзербайжан астанасы Бакуде өткен SAF-2022 роботтехника фестивалінде Қазақстан оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Сүйінші хабарды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеткізді.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Жақында Қазалы қаласының тұрғыны Мағрипа Лепесованың баспанасы отқа оранып, қысты күні қырауда балаларымен далада қалған еді. Бұл жағдайдан хабардар болған қала жастары оқыс жағдайға ұшыраған отбасына көмек көрсетіп, жабырқағанның жанынан табылды.