Әдебиет • 06 Қаңтар, 2023
«Қалқаман-Мамыр»: сирек жанрдағы премьера
Шәкәрім – өткен ғасырдағы ең құпия, ең тылсым есім. Ұлтын ағарту жолында адамдық борыш үшін күрескен қайраткер тұлғаның поэмалары ойлы оқырманның алтын қазынасына айналды. «Астана Опера» театрында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасы желісі бойынша жазылған «Қалқаман – Мамыр» ұлттық опера-балетінің премьерасы өтті. Композитор Балнұр Қыдырбектің музыкасымен әрленген қойылым 28-29 желтоқсанда көрерменге жол тартты. «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин болса, қоюшы режиссер – Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров.
Руханият • 06 Қаңтар, 2023
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қорында көптеген сирек кездесетін кітаптар мен Торғай өңірінен шыққан бірқатар ақын-жазушылардың қолжазбасы сақталған. Соның ішінде белгілі ақын, «қазақ балладасының атасы» атанған Қайнекей Жармағамбетовтің бірнеше қолжазбасы бар. Бұл құнды жәдігерді музей қорына 1998 жылы ақынның жиені Бақытжамал Қызжанқызы тапсырған.
Күрес • 06 Қаңтар, 2023
Қазақтың қайсар қызы Жәмила Бақбергенова үшін былтырғы маусым өте сәтті өтті деуге толық негіз бар. Өйткені қыздар арасында Қазақстанның ең танымал балуан қызы 2022 жылда орасан зор табыстарға қол жеткізді. Сол нәтижелерінің арқасында қандасымыз Халықаралық күрес федерациясы (UWW) бекіткен барлық салмақтағы әлем рейтингінде (72 килоға дейінгі салмақта) 1-орынға көтеріліп, жылды өз салмағының көшбасшысы ретінде аяқтады.
Руханият • 06 Қаңтар, 2023
«Балалар жазушысы» деген – жаңсақ түсінік
Кез келген ақын-жазушының жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр жанның көзінің тірісінде, әйтеуір бір жазары бар. Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?
Абай • 06 Қаңтар, 2023
Абай мұрасы: Дүние бос па, әлде дос па?
Абайды сәл ғана атүсті оқысаң, өлеңінің де, қара сөзінің де мағынасы ауысып, басқа ой-идеяға жетелеуі мүмкін. Ол Абайдың сөз қолдану ерекшелігінде жатса керек. Ақын жазғанда оқырман түсінбей қалады-ау деп қауіптенбеген, оқырманның өресін өз дәрежесіне тең көріп жазған. Оны Ахмет Байтұрсынұлы «Ол Абайдың кемшілігі емес, оқырмандыкі» дейді. Оның үстіне Абай лексикасының өз ерекшеліктері бар.