Парламент • 06 Қаңтар, 2023
Еліміздегі соңғы кадрлық өзгерістер яғни, жоғары мемлекеттік лауазымдарға жастардың тағайындалуы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Осыған қатысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Telegram» каналында жазба қалдырып, пікірін білдірді.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2023
2022 жылы экспорттаушы компанияларға шығындарды өтеуге бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есе ұлғайып, 8,8 млрд теңгені құраған. Сол сияқты 2021 жылы 306 өтінім мақұлданса, 2022 жылы оның саны 486-ға жетті. Өтелуге жататын шығындардың барлық түрінің ішінде экспорттаушылар арасында тауарларды теміржол көлігімен жеткізу ең сұранысқа ие өтінім болып тұр.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Жамбыл облысының бірқатар ауданында құйындай соққан дауыл жұртты әуре-сарсаңға салды. Жаңатас пен Қаратау тұрғындары жылу мен жарықсыз қалды.
Экономика • 06 Қаңтар, 2023
Былтыр Қазақстан үшін тәуекелге толы жыл болды. Әсіресе геосаяси жағдайдың тым қатты ушығуы отандық сауда саласына елеулі зиянын тигізді. Тауар жеткізу тізбектері бұзылып, тауар өндірушілер шикізат пен материалдардың тапшылығына тап болды. Бұл өз кезегінде соңғы өнімдер мен қызмет көрсету бағасына әсер етті. Тәуекелдерді барынша азайту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнын белгілеу мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп, заңнамаға өзгерістер енгізді.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2023
Микроқаржы ұйымы банкке айналмақ
Көпшілікке «Solva» брендімен танымал «ОнлайнКазФинанс» микроқаржылық ұйымы компанияны банкке айналдыру арқылы өз еркімен қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында хабарланды.