Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Уәлиханов ауданы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, еліміздің Павлодар, Ақмола және Ресейдің Омбы облысымен шектесетін жер көлемі ірі аудандарының бірі.
Экономика • 06 Қаңтар, 2023
Қазақстанда алғаш рет байланыс операторлары арасында жиіліктерді бөлу бойынша электронды сауда-саттық басталды. Аукцион ұялы байланыстың бесінші буынын (5G) енгізу және жиілік диапазондарын бөлуді көздейді.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Тамшылатып суару әдісі – ең алдымен судың ысырабын азайтудың, екіншіден өнім көлемін арттырудың бірден-бір жолы. Егін шаруасымен айналысатын кәсіп иелері осы тәсілдің пайдасын жақсы түйсінеді. Әйтсе де, суару машиналарына шамалары жете бермейді. Осы ретте Жетісуда жаңбырлатып суару қондырғыларын шығаратын кәсіпорын ашылмақ. Оның құны сырттағы бағамен салыстырғанда екі есе төмен. Қазір осы мақсатта Түркиядан келген инвесторлармен іскерлік келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Әдебиет • 06 Қаңтар, 2023
Біз көбінесе шығарманың мазмұнын, шынайылығын, ерекшелігін айтамыз да, ал оның жазылу тарихына онша мән бермейміз. Алайда кез келген туындының өмірге келуіне де бір себеп болады. Осы ретте «пейзаждың Бейімбеті» атанған суретші Жайық Күшікбаевтың «Шомылу» атты картинасының көркемдігі ғана емес, тарихы да бөлек екенін түсінесіз. Бұл жұмыста 4-5 жастағы баланың суға шомылып жатқандағы жылап тұрған сәті бейнеленген. Осы көрініс арқылы автор тереңнен шым-шымдап ой тартып, «адам өмірге жылап келіп, жылап кетеді» деген халық философиясын астармен жеткізген.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Екібастұз оқушылары шипажайға жол тартты
Екібастұздық балалар үшін қысқы демалыс айрықша әсерге толы өтуде. Мыңнан астам жасөспірім «amanat» партиясының демеушілігімен еліміздің танымал санаторийлеріне жол тартты.