Таным • 11 Қаңтар, 2019
Керей Қойшыбек: Адамның тәні қартайса да, жаны қартаймауы керек
Керей Қойшыбекті спортсүйер қауымға таныстырып жатудың қажеті шамалы. «Самбо күресінің академигі» атанған айтулы азамат табаны күректей 18 жыл бойы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды. 1992-2010 жылдар аралығында біздің жігіттер тек әлем чемпионаттарында ғана 10 алтын және 50-ге жуық күміс пен қола медальді олжалады. Ал одан бөлек, әлем кубогы, Азия біріншілігі және басқа да аса ірі халықаралық додалар бар. Бұл жарыстарда да Қойшыбектің шәкірттері оза шапты. Сонымен қатар, білікті бапкер еліміздің жастар құрамасын 10 жыл жаттықтырды. Осы кезеңдердегі табыстардың барлығын тізбелейтін болсақ, отандық спортымыздың өркендеуіне Керағаңның сіңірген еңбегі орасан зор екеніне анық көз жеткіземіз.
Медицина • 11 Қаңтар, 2019
Анықтамаларды тегін алуға болады
Осыдан біраз жыл бұрын отандастарымыз мемлекеттік немесе жеке ұйымдардың қызметіне жүгінген уақытта салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен әлеуметтік жеке код (Бұлардың орысша қысқартылған атауы – РНН және СИК десек есімізге түсер) анықтамасынсыз аттап басуға мүмкін болмай қалғандығын жақсы біледі. Кейін елдегі жаппай цифрландырудың арқасында бұл екі жапырақ қағаздың орнын жеке куәліктегі жеке сәйкестендіру нөмірі басты. Дегенмен сергелдең мұнымен таусылды ма?
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019
Өскеменнен Семейге 4 мың теңгеге ұшып барасыз
Былтыр Елбасы төмендетілген тариф бойынша қызмет көрсететін әуе компаниясын құруды тапсырған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылы субсидияланатын маршруттар тізімі бекітілгенін, оларды іске асыратын авиакомпаниялар таңдалғанын хабарлады.
Технология • 11 Қаңтар, 2019
Жас өнертапқыштар марапатталды
«Нұр Отан» партиясы жас өнертапқыштар арасында өткізген республикалық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының қорытындысын жариялады. Осыған орай Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2019
Істің әділ тексерілуін сұрайды
Ата Заңымыздың 1-бабында атап көрсетілгендей «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екенін барлық билік тармақтары мен құқық қорғау органдары басты ұстаным етуі тиіс десек те, осы қағиданың орындалмауы салдарынан тығырыққа тірелгендердің жанайқайы алаңдатпай қояр емес.