Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Абай облысында қар құрсауында қалған жүкті әйел құтқарылды
Абай облысы бойынша соңғы тәулікте адамдарды қар құрсауынан эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында қыс әлі қытымыр мінез көрсеткен жоқ. Ең көп дегенде 22-24 градустық суық қатарынан бірнеше күн буғанымен, артынша қалыпты жағдайға түсті. Соңғы аптада ауаның температурасы тіпті 5-6 градусқа жоғарылады.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2023
2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша теңге 1 доллар үшін 462,66 теңгеге дейін 1,3 пайызға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 132 млн-нан 141 млн долларға дейін ұлғайған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 2,95 млрд доллар.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Былтыр Түркістан облысында Балалар жылын көзделген мақсатына сай өткізу үшін атқарылар іс-шаралар 7 бағытта жоспарланып, 5,2 млрд теңге қаралды. Жыл бойы іргелі де игілікті 83 іс-шара іске асырылды.
Руханият • 06 Қаңтар, 2023
Қазақ ән-күйін тыңдап жүрген ойлы құлақ пен сезімтал санаға Дәулеткерей Шығайұлының күйлері өзгеше әсер қалдырары сөзсіз. Атақты Бапас (Дәулеткерей) дегенде не түседі есіңізге? Не түспейді Дәулеткерей дегенде еске? Ұлы даланың бүгінгі бір шеті, кезіндегі кіндік ортасы Бөкей ордасынан ақ боз атын ойқастатып Әбілқайыр хан бастаған сұлтандар шыға келгендей елестейді. Ұлтының ары мен жұртының тұтастығына бола ту көтерген ақсүйек тұқымның асыл мұраты атой салады. Күй өнеріндегі төре тартыс, соны жосын не ғаламаттарға жетелейді. Ұлттың табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын деп өскен алтын әулет маңдайына тұтқан ақсүйек өнер салтанат құрады. Бұл айтқандарымыздың өзі үстірт болар еді. Асыл тек, ақсүйек өнер осы құбылыстар ғана ма? Сол асыл, бекзада текке тән махаббат пен мінез. Қысқасы бойлап болмайды, тек күйлерін тыңдай-тыңдай тәрбиелену керек. Сондай асқақ әрі кірпияз сана мен рухқа құлаш ұра алса қандай ғаламат?!