Әдебиет • 11 Қаңтар, 2019
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2019
Жамбыл облысында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді
Баспана – еліміздегі барша азаматтың бақыт шамы, тіршілік тірегі. «Өз үйім – өлең төсегім» дейтін халқымыз үшін баспана қай кезде де баршылықтың, кеңшіліктің көрінісі. Алайда кеше ғана отау құрып, шаңырақтың шаттығын енді сезіне бастаған жастардың көбінде бір дегеннен баспана алу мүмкіндігінің бола бермейтіні белгілі.
Медицина • 11 Қаңтар, 2019
Жақында Euronews телеарнасы Францияда ата-ананың өз баласын шапалақтауына тыйым салатын заң қабылданғаны туралы хабарлады. Осы оқиғаға байланысты пікір білдірген француздардың сөзінен аңғарғанымыз, олар мұндай оғаш заңды қуана құптап отырмаған сыңайлы. Тіпті бір жас әйел (бәлкім қыз болуы да мүмкін) өзіне қойылған сауалға «бала кезімізде ата-анамыздың шапалағы арқылы өзіміздің белгілі бір нәрсені дұрыс істемегенімізді түсінетінбіз, ол бізге ескерту сияқты болатын» деп жауап қайтарды.
Білім • 11 Қаңтар, 2019
Биыл ҰБТ-ны қандай өзгерістер күтіп тұр?
Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице-министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Әлем • 11 Қаңтар, 2019
Жаһандық климаттың жаңа дәуірдегі сипаты
Адамзатты қоршаған орта туралы оннан аса іргелі кітап жазған, белгілі америкалық ғалым Билл МкКиббеннің (Bill McKibben) бастамасымен топтастырылған «Жер жаһанның қызуы жайлы баян» («The Global Warming Reader») атты заманауи жинақ алдымен 2011 жылы АҚШ-та содан соң араға бір жыл салып, Penguin Books баспалар жүйесі арқылы ағылшын тілді әлемнің оннан аса елдерінде жарық көрген-ді. Өз кезегінде бұл көкейкесті туындыны жаһандық климаттың өзгеру себептері мен сол құбылыстың күллі биосфераға тигізіп отырған кері әсерін XIX ғасырдың соңғы жылдарынан бері қарай зерттеп-зерделеген айтулы эколог ғалымдар түйіндеген дәйекті де дәлелді тұжырымдарының ғана емес, сонымен қатар аталмыш құбылысқа қатысты пайымдалған саяси ой-пікірлер мен көзқарастардың да антологиясы деуге лайық, өйткені жинаққа енген мақалалар топтамасы осы пікірдің дұрыстығына жөн сілтейді. Бұл орайда, ең алдымен, Билл МкКиббенге аталмыш жинақты құрастыруға түрткі болған негізгі себептерге тоқталған артық болмас.