Руханият • 29 Желтоқсан, 2020
Пір Бекет пен абыз Әбіш елінде
Халық: «Мединеде – Мұхаммед,Түркістанда – Қожа Ахмет,Маңғыстауда – Пір Бекет»,– деп сыйынған, «Бекет ата – Қиянатқа жол бермес әділдіктің, күпірлікке жол бермес адалдықтың, қараулыққа жол бермес шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес парасаттылықтың асқан үлгісін танытқан, елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы бола білген азамат, жаудан елді арашалаған батыр, дауда әділетті арашалаған қази, озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған пірәдар, әлсізге медет, күштіге айбар, зарыққанға жебеу, тарыққанға демеу, асқанға тосқан, сасқанға сая, ұрпаққа ұстаз, ұлысқа ұран, ел иесі, жер киесі» деп шынайы бағасын заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы берген. Ол кісінің анасы – Айсәуле апамыз да отырып-тұрған сайын «Уа, Пір Бекет!», – деп сыйынып, сөзін де солай бастайтын. Бекет ата солай жүрегіме орнығып, басына бір барып зиярат ету арманға айналғалы қашан...
Таным • 29 Желтоқсан, 2020
Жамбылтанудағы өзекті мәселелер
«Соғыс бітті» деген қуанышты хабарды естіп Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда жүз жасқа жеті ай қалғанда дүниеден озды. Аманат өсиеті бойынша ұлы ақын ауылындағы баққа жерленді. Келер жылға дейін бейітіне үлкен күмбез тұрғызылды, жүз жылдығы деп асы берілді. Жерлеуіне де, жүз жылдығына да Қазақстанның басшылары түгел қатысты, атақты ақын-жазушылардың бәрі келді. Жамбылдың 125 жылдығы Жамбыл ауылында, музей алдындағы дала сахнасында өтті. Оған Д.А.Қонаев бастаған Үкімет басшылары, КСРО Жазушылар одағының бірінші хатшысы С.Марков және он бес одақтас республикадан келген жазушылардың үлкен делегациясы қатысты. Ақын Әбділда Тәжібаев баяндама жасады. 150 жылдық мерейтойында да көптеген игі шара өткізілді. Сүйінбай ақынның музейі ашылды, Жамбыл ауылындағы музей мен мектеп күрделі жөндеуден өтті. Алматыдағы Республика сарайындағы өткен салтанатта Елбасы Н.Ә.Назарбаев мазмұнды баяндама жасады. Ал 2021 жылы қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толады. Осыған байланысты кейбір ой-пікірлерімізді ортаға салуды жөн көрдік.
Әлем • 29 Желтоқсан, 2020
Қытай билігі Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу процедурасын бастады. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады.
Руханият • 29 Желтоқсан, 2020
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген отыз жылға жуық уақыт ішінде бір ауыз қазақша үйренуге жарамаған кей отандастың жан-бейнесіне үңілгенде, сонау бір жылдары Жапонияда өткен Қазақстан мәдениеті мен өнері күндері жобасы жадымызда еріксіз қайта жаңғырады.
Саясат • 29 Желтоқсан, 2020
«Су-30см» ұшақтары кеңістігімізді күзететін болады
Қазақстанның көрші Ресей Федерациясымен әскери саладағы ынтымақтастығы жылдан-жылға дамып келеді. Соның бір жарқын дәлеліндей, таяуда Иркутск авиациялық зауытының ұшқыштары шекараны көктей өтіп, «Су-30СМ» ұшақтарын Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы авиациялық базаға жеткізді.