Басылым • 27 Желтоқсан, 2024
«Қаңтар-22» кітабы жарық көрді
Қаңтардағы оқиға туралы алып-қашпа сөз, шындығынан дақпырты көп дерек әлі күнге толассыз айтылып келеді. Ел үміті мен сенімі таразыға түскен үш жыл бұрынғы жағдайдың ақ-қарасын аңдап, толыққанды мәлімет алғысы келетін оқырман қауымға арнап белгілі қаламгер, Қазақстан ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин «Қаңтар-22. Сәті түспеген мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы» атты жаңа кітабын жақында жарыққа шығарды.
Университет • 27 Желтоқсан, 2024
Биыл еліміздің көшбасшы жоғары оқу орны – Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына – 90 жыл. Осы кезеңде білім ордасы бірнеше даму сатысынан өтті. Алыс және жақын шетелдерге қуатты зияткерлік әлеуетімен, беделді ғылыми мектептерімен танылды.
Басылым • 27 Желтоқсан, 2024
«Алашорда ісі» ғылыми айналымға енеді
Отандық тарихтың олқы тұсын түгендеп, рухани болмысты бүтіндеу жолында қолға алынған іргелі ғылыми жоба – «Алашорда ісі. 1920–1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жинақ екі жылға жуық әзірленіп, күні кеше жарық көрді. Жинаққа Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас прокуратураның арнайы мемлекеттік архивтерінде құпия сақталып келген ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргінге қатысты құжаттар енгізілді. Олардың қатарында бұрын жарияланбаған 3 мыңнан аса құжат және фотосурет бар. Жинақ Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жалпы редакциясымен жарияланды.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, сәрсенбі күні сағат 11.20 шамасында Ақтау қаласы маңында қайғылы оқиға болды. Баку қаласынан Грозный қаласына бет алған әзербайжандық «Az Airlines» әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы әуежайға жетпей құлап, өртке оранды. Ұшақ бортында 62 адам, 5 экипаж мүшесі болған.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Екі елді жалғайтын ерекше бекет
Абай облысында елімізді Қытаймен байланыстыратын жолаушылар терминалы ашылды. Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде іске қосылған терминал халықаралық байланыстарды нығайтуға жол ашады. Терминал «Бақты» кеден бекетін жаңғырту, техникалық жарақтандыру аяқталғанға дейін жұмыс істейді.