Сараптама • 27 Желтоқсан, 2023
Дүниежүзілік банк 2023 жылдың қараша айында «Орта сауда-көлік дәлізі. 2030 жылға қарай жүк тасымалын үш есе арттыру және жол жүру уақытын екі есе қысқартуға қажетті стратегиялық шешімдер мен инвестиция» атты зерттеу нәтижесін жариялады. Материалда орнықты инвестиция мен саяси шешімнің арқасында Қытай мен Еуропа нарығын Орталық Азия, Кавказ арқылы байланыстыратын Орта дәліздің бойындағы сауда көлемін алдағы онжылдықта үш есе арттыру мүмкіндігі қарастырылған.
Несие • 27 Желтоқсан, 2023
Арзан автонесие үмітті ақтамады
2015 жылдан бері жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жұмыс істеді. Арагідік тежеліп қалған кезі бар, дегенмен кейін қайта жалғасқан. Бірақ кейінгі жылдары бұл бағдарлама көпті жарылқай алмады.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және түркі халықтарының рухани әлемі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды шараны ҚазҰУ мен Халықаралық түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырды.
Жеңіл атлетика • 27 Желтоқсан, 2023
27 қаңтарда жеңіл атлетикадан Астанада өтетін World Athletics турнирінде сырықпен секіруден Токио Олимпиадасының жеңімпазы, әлем мен Еуропаның екі дүркін чемпионы, дүниежүзілік рекордты сан мәрте жаңартқан швециялық саңлақ Арманд Дюплантистің өнер көрсететіні жайында біз бұған дейін де жазғанбыз.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2023
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында дзюдодан жүлде қоры 100 мың долларды құраған халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтті. Ел аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылған командалық сайыста 11 мемлекеттен келген 17 клуб күш сынасты. Олардың қатарында дүбірлі додаларда дараланып жүрген белді балуандар да аз болған жоқ.