Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Туризм және спорт министрлігі 2023 жылдың қорытындысына сай үздік спортшыларды марапаттады. Биыл жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар мен салаға елеулі үлес қосқан мамандар 18 аталым бойынша марапатқа ие болды. Олардың қатарында әлем чемпиондары Ризабек Айтмұқан мен Сабырхан Махмұд та бар.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2023
Ақпарат саласының жаңа мүмкіндігі
Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2023 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз жиынын өткізді. Сондай-ақ брифингте министрліктің 2024 жылға арналған жоспарлары жөнінде айтылды.
Әйел әлемі • 27 Желтоқсан, 2023
Жүйелі гендерлік саясат – бейбітшілікке, өркендеуге, тұрақты дамуға негізгі қадам. Сондықтан оны іске асыру еліміздегі өзекті бағыттардың біріне айналып отыр.
Сұхбат • 27 Желтоқсан, 2023
Шолпан Каринова: Жетекші партияның жауапкершілігі жоғары
Таяуда «Amanat» партиясының хатшысы болып тағайындалған Шолпан Каринова еңбек жолының 18 жылын білім саласына арнаған. Мемлекеттік қызметтің ең төменгі сатысынан бастап, Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары лауазымына дейін жоғарылаған білікті маман кейінгі төрт жыл жауапты саяси лауазымда қызмет атқарды. «Еліміздегі жетекші партияның лауазымды қызметіне ұсынылғаннан бастап, «Amanat» жұмысына қандай үлес қоса аламын, халықпен жұмыс істеуде маған қандай сенім артылып отыр, оны қалай атқара аламын деген мәселе мазалағаны рас. Партиялық қызметке келерде өзіме артылған жауапкершілік пен сенімнің салмағы жоғары екенін түсіндім», деген партия хатшысына жолығып, сұрақ қоюдың сәті түсті.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2023
Биыл елдегі автомобиль, теміржол, теңіз және авиация саласында қандай ауқымды жұмыстар атқарылып, нендей өзгерістер болды? Жол бойындағы ел-жұрттың ырысын арттырып, жағдайын жақсарту бағытында қандай құнды жобаларға басымдық берілді?