Руханият • 29 Желтоқсан, 2020
«Астана Опера» көрермен қауымды ауқымды жобаларымен таңғалдырудан танған емес. Күні кеше көп назарына ұсынған Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» комедиялық операсының премьерасы да елордалық сахна төрінде зор жетістікпен өтті.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2020
Тоқыма фабрикасы тоқырағалы тұр
Елімізде түйе мен қой жүнін өңдеп, тоқыма бұйымдарын шығаратын фабрика көп емес. Соның бірін алты жыл бұрын Caspiy Lana Atyrau серіктестігі ашқан еді. Мұнай мен газды мол өндіретін өңірде 2,4 млрд теңгеге салынған бірегей жобаны «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Достан ата» шаруа қожалығы бірлесе іске қосты.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2020
Жылжымайтын мүлік құжаты электронды түрде беріледі
Былтыр қараша айынан бастап жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде алу мүмкіндігі астана мен Шымкент қаласының тұрғындарына берілген-ді. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, аталған мемлекеттік қызметті Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары egov.kz электронды үкімет порталынан алуына мүмкіндік жасады. Жаңа қызмет қазақстандықтарға ХҚО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүлік техпаспортын онлайн алуға мүмкіндік береді.
Театр • 29 Желтоқсан, 2020
Жасөспірімдер театрға барсын десек...
Қоғамда сахна мәдениеті қалыптасып, адамдар «хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнермен» қауыша бастаған уақыттан бері театр биік талғам мен парасат мекеніне айналған-ды. Драматургияның шын шеберлік пен суреткерлікті қатаң талап ететіні де осыдан. Асыл өнердің табиғаты туралы неміс сыншысы Лессинг: «Лирикада болмыстың шындығы сезіледі, прозада болмыстың шындығы баяндалады. Ал драмада болмыстың шындығы жасалады», дейді.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020
Мемлекеттік қызмет «Blockchain» арқылы көрсетілмек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Blockchain» технологиясын мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісіне алғаш болып енгізді. Әзірше бұл технология жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты қолданыла бастады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кең таралған қызметтерге енгізілуі ықтимал.