Қоғам • 11 Маусым, 2026
Жазғы демалыс басталысымен көптеген жасөспірім қосымша табыс табудың жолын іздейді. Бірі уақытша жұмысқа орналасуға ұмтылса, енді бірі әлеуметтік желідегі жарнамаларға сенеді. Алайда дәл осы кезеңде қылмыстық топтар мен алаяқтардың арбауына түсіп қалу қаупі де артады. Бүгінде интернет кеңістігінде «жоғары жалақы», «тәжірибе қажет емес», «еркін жұмыс кестесі» деген сипаттағы хабарландырулардың тасасында жасөспірімдерді есірткі бизнесіне тарту әрекеттері жиілеп отыр.
Digital • 11 Маусым, 2026
«Digital Qazaqstan»: Цифрлық дәуірге бетбұрыс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа құжат еліміздің технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындап, цифрлық мемлекет қалыптастыру ісіне жаңа серпін береді. Стратегия экономиканың түрлі саласына озық технологияларды кеңінен енгізуге, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және жасанды интеллект экожүйесін дамытуға жол ашуға тиіс.
Пікір • 11 Маусым, 2026
Ұрпақ тәрбиесінде қазақылық қағидаларынан алшақтап бара жатқанымыз қынжылтады. Бәлкім, бұл ескі болса да есті жолдың ішкі иірімдеріне терең бойлауға өреміздің жетпей жатқанынан болар. Олай болса бұл жолға қайта оралудың қамын неге жасамасқа?..
Қоғам • 11 Маусым, 2026
Ерлі-зайыптылар мүлкі ортақ болса да...
Талай жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрмыс кешіп келген кей ерлі-зайыптылар аяқ астынан нілдей бұзылып, отбасыларының шырқын кетіріп ажырасып жатады. Сүйіп қосылған жары мен бала-шағасынан безгендердің арасында алимент төлеуден жалтарып жүрген «көкектерге» қоса, қосағымен некеде тұрған кезінде тапқан мүлкін бөліске салғанда оның бір бөлігін жасырып қалатындар да ұшырасады.
Аймақтар • 11 Маусым, 2026
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығынан кейін білім саласын жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Аталған құжатта мектептерді цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, оқыту сапасын арттыру, жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізу мәселелері айқын белгіленген. Бұл бастама білім беру жүйесін халықаралық талаптарға бейімдеп, саланы сапаландыру мақсатын көздейді.