Руханият • 28 Желтоқсан, 2022
Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде биыл туғанына 75 жыл толып отырған көрнекті жазушы, марқұм Несіпбек Дәутайұлының «Айғыркісі» әңгімесінің желісімен дайындалған сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Небәрі 40 минуттық мистикалық-вербатим суреткердің қаламына арқау болған өмір шындығын, ақ пен қараның қайшылығын көрсетіп, кісіліктен ажырап бара жатқан жұмыр басты пенделерді ар-иманмен беттестіріп, сана сезімін сілкіп алуымен құнды.
Экономика • 28 Желтоқсан, 2022
«7-20-25» бағдарламасы жалғасады
Еліміздегі ең танымал ипотека – «7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ұлттық банк осындай шешім қабылдады. Осылайша, көпшіліктің «тиімді бағдарлама жұмысын тоқтатпаса екен» деген тілегі орындалып отыр.
Руханият • 28 Желтоқсан, 2022
Ел құлағы – түрік. Жұрт жаңалық күтіп отыр. Ниет дұрыс. Кезектен тыс сайланған Президент. Әлем алмағайып. Жұрт жаңалықты жақсылық деп қабылдауға даяр. Тек жаңалық мазмұны ізгілік болса екен.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022
Үкімет отырысында жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасы мақұлданды. Маңызды құжаттағы негізгі бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында қамтылған. Көпшілік асыға күткен Кодекстің кейбір жаңашылдықтары келесі жылдан бастап күшіне енеді. Атаулы көмектің алтын арқауына айналатын құжаттағы бастамалар елдегі әр отбасының әл-ауқатын аттыруға бағытталған.
Өнер • 28 Желтоқсан, 2022
«UMAI» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары
Ел астанасында биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған өнер саласындағы үздіктерді іріктейтін «UMAI» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды.