Медицина • 27 Желтоқсан, 2019
Стационарлық көмек – кешенді көмек
Медициналық қызмет түрлерінің ішінде стационарлық көмектің алатын орны ерекше. Бұл көмектің екі түрі бар. Бірі – жоспарлы түрдегі стационарлық көмек, екінішісі – шұғыл түрдегі стационарлық көмек. Осы екі бизнес-процесте қабылданатын ем туралы, оны тағайындау барысындағы басқа да процестерді біліп жүру – әр адам үшін аса маңызды.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2019
Аграрлық несие корпорациясының жаңа филиалы ашылды
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіретін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тағы бір филиалмен толықты. Жаңа филиал құрылғанына бір жарым жыл уақыт болған Түркістан облысының орталығында ашылды. Филиалдың ғимараты келушілер үшін ыңғайлы орында, яғни Түркістан қаласының орталық көшесінде орналасқан.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2019
Жандар ОМАРОВ: Шағын несиеге сұраныс көп
Биыл «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясының бірі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Қор осы ширек ғасырда ауқымды жобаларды қаржыландырып, елдегі кәсіпкерлік саланы дамытуға, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына ықпал етті. Қазір де әлеуметтік жобаларды сәтті жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар ОМАРОВПЕН сұхбаттасып, 25 жылда атқарылған жұмыстар жөнінде және шағын несие беру процестері туралы білген едік.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019
Алматыны ауыз сумен қамту қай деңгейде?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамытуға бағытталған кеңесте шаһардың әлеуметтік-экономикалық табыстары ең әуелі қаладағы инфрақұрылымдық қызмет сапасын жақсартудан басталатынын айтып, бұл бағытта бірқатар тапсырма берген болатын. Осы ретте күн санап аумағы артып келе жатқан мегаполистің ауыз су мәселесі мен кәріз жүйесінде қандай мәселе бар?
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019
Мұнайлы өңірлер қатарына қосылғанына 30 жылға жуықтаған Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы негізгі саланың бірі саналады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары абдырап қалған ауылдағылар көп ұзамай ес жиып, ата кәсіпке қайта кірісті. Мемлекет қолдауын тиімді пайдаланғандар табысқа жетіп, ел тіршілігіне едәуір өзгеріс енді. Бірақ жыл өткен сайын агросаладағылардың алаңын көбейтіп келе жатқан бір жағдай бар. Бұл – егіс алқаптарын суландыру мәселесі.