Спорт • 11 Маусым, 2026
Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы Дебрецен қаласында Мажарстанмен жолдастық кездесу өткізді. Кездесудің 9-минутында бұрыштамадан Максим Самородов берген допты Сергей Малый баспен ұрып қақпаға дөп түсірді – 0:1. Бұл есеп үзіліске дейін сақталды. Екінші кезеңде алаң иелері қарқынын күрт күшейтті. Екінші тайм басталғанда Доминик Собослай таразы басын теңестірді. 63-минутта екінші сары қағаз алған Самородов алаңнан қуылды. Содан кейін мажарстандықтар тағы екі рет мергендік танытып, бәсекені өз пайдаларына шешті, есеп – 3:1.
Аймақтар • 11 Маусым, 2026
Цифрлы ғасырдың кітапханасы оқырманға кітап берумен ғана шектелмейді, нағыз рухани, әдеби, мәдени ортаға айналды. Іргесі осыдан 130 жыл бұрын қаланған облыстық Пушкин кітапханасына бас сұғып көріңіз... Кірсе, шыққысыз. Заманауи кітапхана күні кеше ғана мерейлі датасын атап өтті. Арысы Америка, берісі Ресейден меймандар құттықтап келді.
Футбол • 11 Маусым, 2026
Бүгін футболдан кезекті әлем чемпионатының түндігі түріледі. Төрт жылда айналып соғар жаһандық аламанның беташар ойыны Мексика астанасында өтеді. Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионы жаһандық доданың дүбірін бастап береді. Чемпионаттың ашылу матчында Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары кездеседі. Ойын 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні сағат 00:00-де (Астана уақытымен) басталады.
Теннис • 11 Маусым, 2026
«Ролан Гаррос» турнирі аяқталған бетте теннисшілердің рейтингі қайта жаңартылды. Париждегі сәтсіздігіне қарамастан Елена Рыбакина WTA тізіміндегі екінші орнын сақтап қалды.
Қоғам • 11 Маусым, 2026
Атыңнан айналайын, Қарқаралы! Арқадағы қымыз фестиваліне 20 мың турист келді
Арқаның інжу-маржаны – қасиетті Қарқаралы өңірінде өткен «BaiQymyz» этно-гастрофестивалі дарқан даланы дүбірге бөледі. Ұлттық рух аспандап, ел-жұрт бір серпіліп қалды. Жазиралы өңір Қарқаралыға келген мейманның дені тау баурайындағы тұмса табиғатқа тамсанып қайтты. Қымыз бәйгесінің Арқа жерінде өтудегі негізгі ой да осы еді, туризмін тұғырландыру. Онымен қоса, «BaiQymyz» фестивалінен бір күн бұрын журналистерге пресс-тур ұйымдастырылып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық, туристік, инфрақұрылымдық даму бағыттары таныстырылды.