Жемқорлық • 30 Желтоқсан, 2025
Пара алғыш подполковник тұтылды
Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымды тұлғасы сотталушыны ұзақ уақыт бопсалап, ірі көлемде ақша алып келгені әшкере болды. Ал жазасын өтеуші азамат түрме бастығымен көршілес бөлмеде қалағанынша тұрып, тіпті өзге сотталушыларды қонаққа шақырған.
Құқық • 30 Желтоқсан, 2025
Авторлық құқыққа цифрлық платформа жәрдемдеседі
Елімізде зияткерлік меншікті қорғау мақсатында тауар белгісін жедел тіркеу тәртібі енгізілмек. Бұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрінің орынбасары Ботагөз Жақселекова мәлімдеді. Сондай-ақ ол «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдағы өзгерістер мен жаңашылдықтарға да тоқталды.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
Биыл ел экономикасындағы өсім соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті
2025 жыл еліміз үшін елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Жыл қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп болжанып отыр. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында мәлімдеді. Аталған нәтиже – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды
Қазір еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 415 мыңнан көп педагог жұмыс істейді. Олардың 85 пайызы – жоғары, 9 пайызы – жоғары білімнен кейінгі, 6 пайызы – техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар. Мұғалімдердің саны мен сапалық құрамын арттыру, жас мамандарды тарту мақсатында мемлекет бірқатар жүйелі шара қабылдаған.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Абай елінің аспанға лақтырған бөркі жерге түскен жоқ. Айналасы бір аптада бірнеше нысан ашылып, ел игілігіне берілді. Шын мәнінде облыс орталығы – қарт Семейдің бойына қан жүргендей түлей түсті. Соның бірі – Оқушылар сарайы.