Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2017
«Асық» ойыны ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұраны қорғау үкіметаралық комитетінің 12-ші сессиясы шеңберінде Қазақстанның дәстүрлі асық ойыны адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2017
«Ниет» байқауына өтініш қабылдау аяқталды
2017 жылғы 24 желтоқсанда әлеуметтік роликтерге арналған үздік идеялардың «Ниет» байқауына өтініш қабылдау аяқталды.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2017
Қазақтың қай өңірі, қай топырағы болсын киелі. Алматыдан алпыс шақырым жерде орын тепкен Жамбыл ауданына табанымыз тигенде осы сөз ойымызға тағы да бір оралды. Ежелден ақындар мен батырлар елі саналып, Сүйінбай мен Жамбыл, Нұрғиса мен Есенқұл сияқты алыптарды түлеткен киелі топырақ келген жанға құшағын кең ашады. Ел өміріне етене жақын «егемендіктер» баспасөзге жазылу науқаны аясында баурайынан бақ, байлауынан ат кетпеген аруақты мекенге арнайы барып, Жамбыл ауданы жұртшылығының жай-күйімен танысып қайтқан еді.
Тарих • 26 Желтоқсан, 2017
Ресей үкіметі XVIII ғасырдың 30-40 жж. қазақтармен жасаған келісімдеріне қарамай, XIX ғасырдың бірінші ширегінде күштінің құқысы бойынша қазақ хандықтарын біржақты түрде жоюға кірісті. 1822 жылы Орта жүздегі қазақ хандығы жойылғаны мәлім. Осының кебін 1824 жылы Кіші жүздегі қазақ хандығы да киді. Міне, осындай жағдайда Ертістің бойындағы Тарбағатай өңіріне қарай жатқан жерлерде 1831 жылы жаңадан ашылған әкімшілік бөлініс – Аягөз сыртқы округі құрылды.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2017
Данияр Ақышев: «Біздің мақсатымыз – қаржы жүйесін орнықты дамыту»
Ұлттық Банк 2018 жылы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, айырбастау бағамын нарықтық тұрғыдан қалыптастыруға, кредиттеуді жандандыруға, қаржы секторындағы тәуекелдерді төмендетуге бағытталған саясатты іске асыруды жалғастырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр АҚЫШЕВ «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтып берді.