Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018
Түркістанға 1 136,5 мың зияратшы мен туристер келген
Түркістан облысында туризмді дамытуға ерекше үлес қосқан азаматтар мен мекемелер он аталым бойынша марапатталды. Олардың арасында «Тарихи-мәдени туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатын «Әзірет Сұлтан», «Отырар», «Ордабасы» қорық-мұражайларының ұжымы еншіледі.
ШҚО-ның Алтай қаласында айрықша Аяз ата мен Ақшақар орнатылды
Биыл бір күндік қызық үшін жүз жылдық шыршаларды құртпау һәм табиғатты аялау мақсатында Өскемендегі орталық алаңға жасанды шырша орнатылған-ды. Ал енді Алтай қаласындағы орталық алаңға бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ерекше Аяз ата мен Ақшақар мүсіндері орнатылды.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018
Шымкенттік балалар үйінің тәрбиеленушілері Назарбаевтың мейріміне бөленді
Шымкент қаласына қарасты №4 Сайрам көмекші мектеп-интернатының балалары үшін бұл күн ерекше есте қалды. Себебі айтулы датада олар жүректеріне жылулық алып, қам көңілдеріне мейірім ұялатты. Дәл осы күні жасөскіндер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған Құттықтау хат пен сыйға тартқан отандық су жаңа автокөлікке ие болды.
Ұлттық арнада «Жарнамасыз Жаңа жыл»!
Жаңа жыл қарсаңында, 31 желтоқсан күні «Qazaqstan» Ұлттық арнасы «Жарнамасыз жаңа жыл» акциясын бастайды. Яғни, бір күн бойы Ұлттық арна эфиріндегі бағдарламалар мүлдем жарнамасыз көрсетілетін болады.