Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Асанәлі Әшімов: Жыл жаңа – меже жаңа
Әр атқан таңын олжа көріп, жақсылықтан үміт, жақсы күннен күдер үзбейтін қазағым жаңа жыл келіп есігін қаққанда «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа!» деп ізгі ниетпен қарсы алады. Міне, тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа жылмен қауышып жатырмыз.
Кино • 01 Қаңтар, 2018
Сейдолла Молдаханов: Әкем қазақ киносына түскенімді армандады
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері
Азаматтарды жұмыспен қамту өте өзекті мәселе. Мемлекет басшысының қолдауымен нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындары, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, қысқа мерзімді оқыту сияқты көптеген жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Бұл еліміздегі жұмыссыздық мәселесін біртіндеп шешуге септеседі. Мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қысқа мерзімді оқудан өткендердің 87 пайызға дейінгі шоғыры жұмысқа орналасты. Ал Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында тұрғындардың жұмысқа орналасу деңгейі төмен. Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлік палатасының бастамасымен кәсіпкерлікке баулу, қолдау және несиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
2017 жылдың қазан айында Үкімет көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын бекітті. Осы концепцияға сәйкес қажетті заң жобасы әзірлену үстінде. Яғни кәсіби мамандарды экономикаға тарту, аймақтар арасындағы демографиялық теңсіздіктерді реттеу және ішкі миграцияны атаулы түрде мемлекеттік қолдау бірінші кезекке шығарылуда. Сондай-ақ еліміз этностық миграция аясын кеңейткелі отыр. Бұл дегеніміз – мемлекеттік қолдау тек елге оралғандарға ғана емес, сонымен бірге шетте жүрген қандастарымызға да көрсетілетін болады.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Босағамыздан енген жаңа 2018 жылы еліміздің әлеуметтік және еңбек саласында бірқатар жаңалық бар. Біріншіден, жұмыспен қамту бағдарламасын жалғастырамыз. Былтыр бұл салада жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Биыл өзін-өзі қамтыған және солтүстік өңірлерге көшетін азаматтарды қолдау мәселелерін қарастырамыз. Екіншіден, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер – әйелдердің зейнет жасын осы жылдан бастап 6 айға көтеру және 1 шілдеден базалық зейнетақыны еңбек өтіліне қарай қайта есептеу жүзеге асырылады. Бұл өзгерістерге сәйкес зейнетақының орташа мөлшері 81 500 теңге немесе 23,6 пайызға өседі (2017 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда). Үшіншіден, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы азаматтарға берілетін көмектің кешенділігін арттырып, отбасыны кедейлік шегінен шығару жоспарланып отыр. Төртіншіден, өзін-өзі жұмыспен қамту, азаматтарды нәтижелі жұмысқа тарту күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе.