Таным • 01 Қаңтар, 2018
Елдің ертеңі бүгінгі қадамымызға байланысты
Қазіргі кезде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр. Бағдарламалық мақала – Президентіміздің көп жылғы сарабдал саясатындағы ұстанымының жалғасы деп білеміз.
Қысқы спорт • 01 Қаңтар, 2018
Елена Хрусталева: Олимпиадада медаль болады!
Ең алдымен бүкіл қазақстандықтарды жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Барлық шаңырақта береке бірлік, бақыт орнасын. Биылғы жыл спортшыларымызға сәтті әрі табысты жыл болсын деп тілегім келеді.
Қысқы спорт • 01 Қаңтар, 2018
...Юлия әкесі Евгений Александрович Галышевтан ерте айырылды. Ол қызын ерекше жақсы көретін. Бір үйдің жалғыз баласы болған соң анасы Светлана Геннадьевна да қызын еркелетіп, бетінен қақпай өсірді. Елгезек қыз алты жасында би үйірмесіне қатысты. Біраздан кейін биді ұнатпай, Өскеменнен он шақырым жердегі енді ғана ұйымдастырыла бастаған фристайл секциясына жазылды. Тобықтай ғана қыздың көзінен отты байқаған алғашқы бапкері Анна Корнышева әкесі мен анасына «Юлияның фристайлды таңдауы қуантады, бірақ бұл аса күрделі де қауіпті спорт түрі. Құлап қалып, немесе жарақат алып жатса, маған ренжімеңіздер» деп қысқа қайырды. Бір-біріне аңтарыла қараған Евгений Александрович пен Светлана Геннадьевна, «өкпе айту орынсыз ғой, қызым өжет, алған бетінен қайтпайды» деп сендіре сөйледі.
Қысқы спорт • 01 Қаңтар, 2018
Пхенчханда кімдерге үміт артамыз?
Биыл қазақстандық спортшылар бірнеше маңызды халықаралық жарыстарға қатысады. Соның ең негізгісі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпия ойындары. Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 33 жолдамаға иелік етті. Негізгі квота қаңтар айындағы жарыстарда үлестірілетінін ескерсек, Олимпия ойындарына дейін бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.