Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
ОҚО-дағы 20 елді мекенде қызметтік тұрғын үйдің құрылысы басталады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тікелей бастамасы бойынша биыл өңірде қызметтік 20 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынатын тұрғын үйлер өңірдегі тоғыз ауданның 20 елді мекенінде бой көтеретін болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Қазақстанда автокөліктерді тіркеу ережелері өзгерді
Қазақстанда көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге алудың ережелері өзгерді, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Ақтөбе аймағында үш ауысымды оқуды азайту қолға алынды
Ақтөбе аймағында үш ауысымда білім беретін 24 мектеп бар. Бұл жайт білім беру стандарттары мен нормаларына сәйкес келмейтіні аян. Сондай-ақ қауіпсіздік талаптарына қатысты алғанда да мұның қайшы келетін тұстары көп.
Білім • 04 Қаңтар, 2018
Елордадағы 110 жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепішілік мұражайларды дамыту ісін жас ұрпақты ұлттық танымда тәрбиелеуге тиімді пайдаланып келеді. Бір ғана білім ордасының өзінде Абай, Жамбыл және мектеп тарихы мұражайлары жұмыс істейді. Жуырда мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, аталған мұражайларымен де танысқан едік.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Әулиеатаның он төрт мешітінде имам жоқ
Ұлы даламызда ғасырлар бойы қалыптасқан ілім нұры, білім шуағы ислам дінімен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз қалт жібермей орындаған бес парыз – өмірде өнеге өрнектері арқылы өріліп, Құдіретті тануда даналық пен кемелдікке бас- тайтын жол. Дегенмен, бүгінгі таңда ұлы діннің ұлағатын ұғынбай, жат ағымға еріп жүрген жастардың да бар екені шындық. Бұл орайда баба дінімізді насихаттауда, жастарға оң бағыт көрсетуде мешіт имамдарының алатын орыны үлкен.