Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Болашақты басқарудың сыры – адами капитал
Елбасы Жолдауының мән-маңызы ерекше. Ол болашаққа ұмтылудың басым тұстарын айшықтауымен бірге қалыптасқан кейбір жайсыз ахуалды түзеуді көздейді. Мәселен, жаппай цифрлы технологияларға өту мен жемқорлықтың алдын алу немесе адами капитал сапасын жақсарту мен экстремизмге қарсы жұмыс жүргізу. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің арғы-бергі тарихына, оңды-солды жақтарына ғылым-білім тілімен ой жүгірткен жөн. Тәуелсіздіктің арқасында біз жаһанның жаңалықтарымен тікелей беттесуге мүмкіндік алдық. Азаттық бізге болашағымызды басқаруға жол ашты.
Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Ел-жұрты ардақтаған азамат еді
Айып Қисаұлы Құсайынов – Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болған, ғылым докторы, ел басқарудың сан алуан сатысынан өткен қайраткер. Республикада мал тұқымын асылдандыру ісінде де ол кезінде көптеген жаңалықтардың ұйытқысы атанды.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Сақтандыру қаржысынан бір тиын шашау шықпайды
Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін екі жылға шегеру туралы заңға қол қойды. Ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа жүйе 2020 жылдан бастап толық іске қосылмақ. Алдағы жылдары кім қанша жарна төлейді? Жарна төлеу міндетінен кімдер босатылады? Бұл туралы толығырақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира ОРАЗАЛИЕВАДАН сұрап білген едік.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Әміре Әрін: Елдіктің туын көтерген туынды
Адамзат керуені шежіресінің әдетте кемел көшбасшы, жарқын тұлғалар қолымен жасалынарын кәрі тарих дәйектейді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты елдік туын көтерген кең тынысты туындысын оқып отырып осыған қайыра бір көз жеткізесіз.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Еркін Көбеев: Тарихтың шындығы, өмірдің шындығы
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында жарыққа шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында егемен еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бергі даму тарихы толығымен қамтылған. Кітапта жас мемлекетіміз үшін аса маңызды еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық үдерістерінің тікелей қатысушысы, бастамашысы болған Тұңғыш Президентіміздің көзқарастары берілген. Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің сындарлы жылдардағы жүріп өткен даму жолын баяндай келе, мемлекеттің басшысы ретінде қысылтаяң тарихи сәтте аса үлкен жауапкершілікпен шешім қабылдағаны туралы мәлімдейді.