Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет
Бұл дерттін жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
«Өмір деген жарқ-жұрқ еткен найзағай»
«Егемен Қазақстан» газеті ұжымының Ерағасы – Ержұман Өтешұлы бүгін 70 деген мерейлі жасқа келіп отыр. Ол қазақ журналистикасына 33 жыл калтқысыз қызмет етіп, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, акционерлік қоғам президенті болып жұмыс істеді. Мерейтой иесін егемендіктер атынан шын жүректен құттықтай отырып, Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі журналист Ержұман СМАЙЫЛМЕН әңгімені оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Ізгілік қаталдықтан мықты болар...
Өмірде таңқаларлық жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, Орынбор қазақтарының Шығыс бөлігінің билеуші сұлтаны болған Ахмет Жантөрин (Ы.Алтынсариннің Орынборда оқуына жағдай жасап, қаржылай көмек көрсеткен адам – С.О.) Кенесары Қасымовтың бітіспес жауы бола тұра «Кенесары» деп аталатын қазақтың халық жырын жолма-жол орыс тіліне аударып, оны П.Распопов ұйқастырып, өлеңге айналдырған. Бұл жыр «Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания, переложенных в русские стихи» деген тақырыппен 1885 жылы Ефимовский-Мировицкийдің типо-литографиясынан жарық көреді.
Электронды құжаттар құны артты
«Қолхат», «сенімхат» секілді құжаттар жұрттың бәріне таныс шығар. Оның бәрі қолмен жазылатындығы және белгілі. Бірақ бүгінде цифрлы технологияларды кеңінен пайдалану арқасында сенімхатты сенім білдірушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында рәсімдеу де көзделіп отыр. Бұл Елбасы Жолдауында айтылғандай, үшінші жаңғырту бағыты бойынша жұмыс істеу деген сөз.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Қостанайда «көшесі» бар Сәкеннің
Сәкен Сейфуллин – қазақ халқының дарынды перзенті, елінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында қажырлы еңбек етіп, бүкіл күш-жігерін, білімін сарт еткен абзал азамат. Сәкен қазақ-кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақстан Кеңестерінің ІІІ съезінде (1922 ж.) Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып сайланғаны да көпшілікке мәлім.