Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Бірде әр жаңа буын өзінің әдеби сынын ала келуі керек деген едім, өйткені әр ұрпақ «өнерге өз өлшемдерімен қарайды, өз талаптарын айтып, жаңа мақсат қояды». Талғам мен сәннің өзгеретінін ғана айтқым келген жоқ. Тіпті одан да терең сыр жатыр.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Әдебиет алып мұхит болса, сын оны танудың – әмбебап құралы. Ол сөз өнерінің табиғатын зерттеумен, ақиқатты танудың эстетикалық заңдылығын белгілеумен, классикалық мұрамызды талдаумен ғана айналысып қоймай, бүгінгі әдебиетіміздің бағыт-бағдарын айқындап, жетістігіміз бен кемшілігімізді көрсетіп, көркем шығарманың ерекшелігін, жілігін шағып түсіндіреді. Оқырманның дүниетанымын байытпайтын, адамға рухани ләззат сыйламайтын шығарма нағыз өнер туындысы бола алмайды.
Қазан революциясының жүз жылдығына орай «Халыққа ол сор болып жабысты ма, жоқ, әкелген жақсылығы бар ма?» деген төтесінен қойылған сұрақ – орыс ой айдынын шымырлатып, бір-бірін қуалаған сөз нөпірінің толқыны жағалаудың біраз аумағын көпіршіген көбікке айналдырып тастағандай. Көкейде жүрген тақырыптар қозғалса да, басқа халықтар тағдырына қатысы шамалы сарын астамшылығын аулай түскен сайын бір түрлі қиянат шеккендей қолайсыз күй кешетіні несі екен? Басқа шығару мен жапа шегудің неше атасын көрген ата-баба халін осындайда тура жақыннан сезіну адам болмысында көп қайталана бермейтін құбылыс.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Алматының қақ жүрегіндегі осы бір тамаша ғимаратта қателесуге қақысы жоқ өнер өкілдерінің қатысуымен небір таңғажайыптар жасалып жатады. Мегаполистегі әрі байырғы әрі кенже дамыған жанрдың қара шаңырағындағы өзгерістер туралы Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт БӨКЕБАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Медиатор жұмысы – дауды шешу кепілі
Президент Н.Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударып, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған еді. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация» туралы Заң қабылданды. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді.