Медицина • 08 Қаңтар, 2018
Туберкулез ауруын қалай құрықтауға болады?
Қазақ «Үйінен қырық қадам шыққан адам мүсәпір» дейді. Өз ошағынан ғана емес, Отанынан алыстап, несібесін шеттен теріп жүрген пенделер қаншама?!
Бокс • 08 Қаңтар, 2018
Топжарған: Бақтияр Артаев өмірінің қалтарыс тұсынан сыр іздесек
Бақтиярдың ұпайы ұлғайған сайын жалымыз күдірейіп, трибунаға сыймай, секіріп кетуге шақ отырмыз. Осылайша төрт раундты тауысыппыз. Электронды таблодағы есеп сондай нұрлы, сондай шуақты... самаладай жарқырайды: 36:26! Артаев – Олимпиада жеңімпазы!
Көзіқарақты әр қазақтың көңіл төрінен сан қырлы таланты арқылы орын тауып, сүйкімді бейнесімен жылыұшырайтын Сарыбаевтар әулеті туралы сөз қозғалғанда өз-өзінен сұранып тұратын бір сауал бар. «Әрқайсының талантты болып туу сыры неде?» Адамды таңғажайып етіп жаратып, сырын ішіне бүккен дүние құпиясының жұмбағын барлық ғылым жанталаса түсіндіруге тырысады. Жұмбақты әдебиет арқылы да шешуге болады, пәлсапамен тарқатсаң да тани алар едің, алгоритм де әлденеше жауабын алдыңа жайып салады. Бірақ Сарыбаевтардың жағдайында бірін түртіп қалсаң, екіншісі қозғалып, бәрін тербеліске түсіретін физиканың маятнигі мысал бола алатын сияқты. Әкелері Шамғали Сарыбаев – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының негізін салушылардың бірі. Шора Сарыбаев – көрнекті диалектолог-ғалым, академик, екінші ұлы Болат Сарыбаев – музыкатанушы, өнертану кандидаты. Шораның ұлы Қайрат Сарыбаев – белгілі дипломат, Болаттың ұлы Талғат Сарыбаев – «Наурыз-думан», «Өткен күндер», «Гавань моей любви» секілді өлмес әндерімен өзіне мәңгі ескерткіш соғып кеткен талантты композитор.
Адамның бір өкініші мен бір қуанышы қатар жүретіні әлімсақтан мәлім ғой. Бұл туралы миллион рет айтылып, миллион рет жазылса да сол баяғы қалпы. Тұлғаны көзі тірісінде төрге отырғызып, асыл қасиетін асқақтатып, өз еңбегіне лайықты баға беруді әлі игере алмай келе жатқан тәріздіміз. Игере алсақ, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтен «Мен отырған жерді төр санасаңдар болғаны...» деген қанатты сөз қалар ма еді?!
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
...Жол – ұзақ, қилы-қиырлы. Қарт та әз-Қаратаудың сонау терең түкпіріндегі, Созаққа – теріскейге асар тұстағы «Жылаған ата» әулие. Зияратқа жиналғандар – әруақ жолына сапарлағандар – жасы бар, жасамысы бар, баласы-шағасы дегендейін – жиырма шақтымыз. Осылайша – көптеп-көмектеп, қауымдасып, ұқыптанбасаң межелі жеріңе жалғыз-жарым жете қалуың қиын іс.