Су спорты • 08 Қаңтар, 2018
Oceanman марафонына қатысқан алғашқы қазақ қызы – Айна
Кейде қарапайым кейіпкеріңнің бір бойынан табылатын түрлі қабілет, қасиет, көрікті көлемі шектеулі мақалаға сыйғыза алмайтыныңа қынжыласың-дағы, сосын өмірге осыншама құштар жандардың жүргеніне қуанып, амандық болса әлі де оның табыстарына оралатыныңа өзіңді сендіресің.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2018
Қазақ мектебінің ашылуына себепкер болған Тойкен Сүтемгенов
Науырзым ауданының орталығы Қарамеңдідегі Жамбыл қазақ орта мектебі қазір Қостанай өңіріндегі айтулы білім ошақтарының бірі. Бұл мектептің аз ғана болса да әсерлі тарихы бар. Қазақ мектебі бұрын облыс орталығынан автобуспен оншақты сағат жүріп жететін Қайғы деп аталатын қазақ ауылында болатын. Сол мектептен түлеген жүздеген түлек кейін өмірдің сан саласында білікті маман, айтулы азамат болып қалыптасты. Солардың бірі – Тойкен Сүтемгенов еді.
Театр • 08 Қаңтар, 2018
Ол Жамбыл ауылындағы мектептің кітапханасынан орын алыпты. «Мақта қыз», «Тазша бала», «Мыстан кемпір», «Бауырсақ», «Мақтаншақ бала», «Түлкі мен құмыра», «Бес ешкі» сияқты қазақ және орыс ертегілері, жан-жануарлар бейнесіндегі қуыршақтар – үйірменің басты кейіпкерлері. Шағын театр қорында 50-дей қуыршақ бар.
Футбол • 08 Қаңтар, 2018
Мардан Төлебек: Жеңіс үздіксіз жаттығу арқылы келеді
Былтыр «Ордабасы» футбол клубы үшін олжалы жыл болды. Оңтүстік командасы тұңғыш рет ел біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Тарихи жетістік. Үздік үштікке кіру шымкенттік футболшылар үшін оңай болған жоқ. «Ертіс» пен «Тобылды» артта қалдырған Алексей Петрушин шәкірттері өз жанкүйерлерін қуанта алды. Оңтүстік оғландарының қатарында мергендігімен көзге түскендердің бірі – Мардан Төлебек. Жартылай қорғаушыдан былтырғы маусымның қорытындысы туралы ойларын білген едік.
Кино • 08 Қаңтар, 2018
Түрік кинематографистері Алматыда өтіп жатқан «Түрік фильмдерінің апталығы» аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына келді. Айта кету керек, түрік фильмдерінің апталығы Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.