Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру ісі
Қазіргі таңда қоғамның құқықтық ұстанымдары қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігін айқындайды. 2015 жылы Елбасы Н.Назарбаев Үкіметке әкімшілік-деликтік заңнаманың тиімділігін арттыру туралы мәселені қарауды жүктеген еді.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Зейнетақы қорындағы қаржы қандай күйде?
Арагідік табан ақы, маңдай теріңізбен тапқан табысыңыздан ұсталатын міндетті төлемдердің жағдайы туралы ақпарат алып тұру артықтық етпейді. Әсіресе еңбекақыңыздың он пайызын үзбей құйып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы кез келген ақпаратқа құлақ түріп жүріңіз.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін халқымыз ертеден білген. Білген соң бабаларымыз қарыс жер үшін сыртқы жаумен алысып өтті, қазақ даласында империяға қарсы қаншама баскөтерулер болды. Даналарымыздан «Егемен болмай, ел болмас» деген қағида қалды.
Әдебиет • 09 Қаңтар, 2018
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Алыптар ақиқаты
«Оятқан мені ерте Шығыс жыры», «Жасымнан жетік білдім түрік тілін», деп өзінің төл әдебиетімізден тысқарғы ең алғашқы өнеге мектебін еш бұрмалаусыз нақты атаған, классикалық Шығыс поэзиясы мен тамырлас халықтарға ортақ ортағасырлық түркі әдебиетін де таныған Шәкәрімнің айрықша қадір тұтқан шайырлары Хафиз, Физули және Науаи болатын. Және Шәкәрімнің Фирдоуси мен Сағдиді де, Ясауи мен Софы Аллаярды да жете танығандығы еш күмән келтірмейді.
Әдебиет • 09 Қаңтар, 2018
Үш жүздің үш биінен қалған үшбу хат
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі – еліміздегі ең көне әрі қоры бай ғылым ордасының бірінен саналады. Әсіресе мұндағы Мұстафа Ысмағұловтың жеке қоры КСРО кезінде жариялау мүмкін болмаған талай қымбат қазынаның кеніші деуге болады.