Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Емделу жолын тек дәрігер көрсетуі тиіс
Орталық коммуникациялар қызметінде елімізде жаппай ЖРВИ тұмауы мен суық тию бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 14 пайызға төмен екенін айтты.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Халықтың тұрмыс-тіршілігінің түзелуіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына Елбасының жыл сайынғы жолдауларында, түрлі мемлекеттік бағдарламаларда мән беріліп келеді. Мұқтаж азаматтарды қолдауға мемлекет тарапынан бөлініп отырған көңіл де, көмек те көп. Жаңа әлеуметтік саясаттың жүзеге асуы туралы айтсақ, біраз оң нәтиже бар екеніне көз жеткіземіз.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018
Балдақпен келгендер балдақсыз қайтады
Науқастар ауруханада ем алып шыққаннан кейін бірден үйге баратын шығар деп ойлаушы едім бұған дейін. Сөйтсек олардың бәрі бірдей дертінен құлан-таза айығып кетпейтін көрінеді, әрі қарай оңалту шараларынан өтуге тиіс екен. Нақтырақ айтсақ, инфаркт немесе инсульт алғандар, жүрекке, басқа, буындар мен жұлынға операция жасатқандар, қол-аяғы семіп қалған кісілер міндетті түрде дәрігердің бақылауында болуы қажет екен.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018
Төлебай батырдың есімі берілсе...
Алтайдан Алатауға, Алатаудан Орал тауына дейінгі дарқан даланы мекендеген еліміз жыл сайын тәуелсіздік күнін белгілейді. Егер, жаугершілік қилы-қилы замандарда халқымыздың «елім» деп қолына қару ұстаған ұл-қыздары, батырлары жерімізді басқыншылықтан қорғап қалмаса, біртұтас мемлекет болып, бүгінгідей егемендікке жете алар ма едік.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018
Жерлестеріне қуаныш сыйлаған азамат
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деген мағынасы терең сөздер кез келген қазақстандықтың атамекенге деген шынайы сезіміне қозғау салып, ерекше ынтызарлығын оятары анық.