Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ұлықпан СЫДЫҚОВТЫҢ есімі Қазақ еліне жақсы таныс. Ол еліміздің жоғары мектебінің кемелденуіне, жоғары техникалық білім жүйесінің заман талабына сай өркендеуіне білімпаздығымен, іскерлігімен және шебер ұйымдастырушылық қабілетімен үлес қосып келе жатқан азамат. Қоғам өміріне де белсене араласып, әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің іргетасын қалаушылардың қатарында болды. Қазақ эстрадасының алтын қорына енген «Той жыры», «Қуанышым менің», «Бойжеткен», «Әсем жұлдыз», «Ғашықпын» сияқты талай әндердің сөзін жазған сыршыл ақын.
«HeadHunter» компаниясы Ресейдің еңбек нарығының қозғалысына зерттеулер жүргізе келе таяудағы жылдары осы нарықта қажеттілігі артатын 15 кәсіп түрін атаған.
Медицина • 10 Қаңтар, 2018
Инсульттен сақтанудың жолдары қандай?
Кейде адамның кәріп болмағы бір-ақ сәтте. Күні кеше жүзінде қаны ойнап, құлшынып жүрген адам аяқ астынан инсультке ұрынып, кенеттен көз жұмып, қайсыбірі қол арбаға қарап қалса, ішінара ауру құрығынан сытылып шығатындары да бар. Әрбір жазылып шыққан адам қоғамның олжасы, үй-іші, туған-туыстың қуанышы. Осы бір дерт неге қанат жая түсуде деген сауал мазалайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала зерттеулері бойынша, 2030 жылға қарай әлемде шамамен 23,6 миллион адамның жүрек-қан тамыры жүйесіндегі дерттерден, оның ішінде басым бөлігі жүрек аурулары мен инсульттен қайтыс болуы мүмкін екен.
Медицина • 10 Қаңтар, 2018
Қарағандыда ангиографиялық жабдығы бар операциялық блок ашылды
Бұл күндері Қарағандыда қан тамырларына жоғары технологиялы оталар жасалып жатыр. Ол үшін ОМО нейрохирургия және неврология орталығында ангиографиялық жабдығы бар операциялық блок ашылды.
Медицина • 10 Қаңтар, 2018
Бауыржан Байсеркин: ВИЧ Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда өршіп барады
Елімізде адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ) жұқтырғандар саны азаймай тұр. Бұл ахуалдың басты себептері мен атқарылып жатқан шараларға қатысты республикалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас директоры Бауыржан БАЙСЕРКИНМЕН әңгіме өрбіткен едік.