Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Тегіне тартқан талантты суретші Сұлтан Иляев
Шығармалары шуаққа толы осынау суретшіге бейнелеу өнері қанмен дарыған. Әулетімен бейнелеу өнеріне қызмет еткен Сұлтан Иляев еліміздегі танымал суретші, оюларды оқудың маманы Ғани Иляевтің ұлы ғана емес, оның өнерін де жалғастырған мұрагері.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Павлодарда ұлттық өнерді ұлықтаған "Сырмақ" үйірмесі жұмыс істейді
Дәуірбек Жақсылыққызы облыс орталығындағы Оқушылар сарайында «Сырмақ» аталатын ұлттық қолөнер үйірмесін басқарады. Балалардың санасына ұлттық мұраны жаңғырту арқылы ой салады.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2018
Махамбет ауданында батырдың ескерткіші бой көтерді
Атырау облысында халық батыры Махамбет Өтемісұлына арналған ескерткіш бой көтерді. Батыр есімімен аталатын Махамбет ауданының орталығынан ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жасалған игі істің маңызы жайлы айтты.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Көмір генералы Николай Дрижд 90 жасқа толды
Таяуда көмір саласының ардагері, Қарағанды облысы, Қарағанды, Саран және Шахтинск қалаларының құрметті азаматы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Николай Александрович Дрижд 90 жасқа толды. Мерейтой иесіне ҚарМТУ Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында құрмет көрсетілді. Қарағанды көмір бассейнінің патриархын облыс әкімі Ерлан Қошанов, әріптестері, аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының жетекшілері, облыс пен қала жұртшылығының өкілдері құттықтады. Мерейтой құрметіне Николай Дрижд Президенттің Алғыс хатын алды. Елбасы құттықтауын аймақ басшысы оқып берді.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2018
Медеуге жаңа автобустар жүреді
Алматыда қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы құрамды жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр.