Қоғам • 28 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. Кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс», деп атап көрсетті. Қазірде халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған ауқымды реформалар, бапталған бағдарламалар кезең-кезеңімен, жүйелі жүзеге асырылып жатыр.
Заң мен Тәртіп • 28 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құрып, оны болашақ ұрпаққа лайықты тапсыру баршамызға ортақ міндет екенін атап айтты. Бұл үшін ең алдымен заң мен тәртіп үстемдік құратын қоғам қалыптастыру маңызды. Осы мақсатта биыл елімізде бірқатар ділгір заң қабылданды. Соның бірі – 15 сәуірде Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң.
Өндіріс • 28 Желтоқсан, 2024
Құбыр зауыты өндіріс көлемін ұлғайтады
Ақтөбе металл құбырлар зауыты – құрылыс, мұнай-газ, басқа да шаруашылық салаларының қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі. 2018 жылы жұмысын шағын цех түрінде бастап, алты жылда ауқымды кешенге айналды. Биыл өндіріс қайта жарақтандырудан өтіп, жаңа цех іске қосылған соң өндіріс көлемі артып, 3 500 тонна шойын бұйымдар мен құбыр шығарылды.
Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024
Қайрат Сарыбай: Азия кеңесін трансформациялау әлемдік ахуалдан туындады
Еліміз биыл бірнеше халықаралық ұйымға төрағалық етті. Соның бірі – Азия кеңесі. Негізі аталған кеңес Қазақстанның бастамасымен құрылды. Осы себепті ұйымның алғашқы төрағасы болды. Бұдан кейін төрағалық Түркияға, Қытайға, Тәжікстанға өтті. 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан кеңес төрағалығын екі жылға қабылдап, кейін мерзім тағы екі жылға ұзартылды. Басшылық жылдары көптеген маңызды іс тындырылды. Осы орайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай мырзамен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2024
Желтоқсанның жылжабар сәті жақындаған сайын жаңа арман мен үлкен үміттің жетегінде жүретін балалар үшін Жаңа жыл – нағыз ғажайыпқа толы мереке. Ал ел балаларына ерекше шаттық сыйлайтын Президент шыршасының дуы да, думаны да тым бөлек. Жылдағы дәстүрмен елорда төрінде биыл да Мемлекет басшысының атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты жаңажылдық шырша өтті.