Өндіріс • 12 Маусым, 2026
Сутегі шығаратын бірегей бастама
Павлодар облысында қату температурасы төмен дизель отынын өндіруде пайдаланылатын сутегі шығаратын бірегей жоба жүзеге асырыла бастады. Қондырғы сағатына 12 мың текше метрден аса сутегіні өндіре алады.
Энергетика • 12 Маусым, 2026
Энергетикалық қауіпсіздікті еңсеретін желі
Президент энергетика саласын жаңғыртуды ұдайы айтып келеді. Өйткені бұл – ел қауіпсіздігі мен экономикасының тұрақты өркендеуін қамтамасыз ететін жетекші саланың бірі. Осы орайда «KEGOC» акционерлік қоғамы Атырау облысында стратегиялық маңызы зор жобаны іске асырып жатыр.
Заң мен Тәртіп • 12 Маусым, 2026
Биыл жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты елімізде кезекті рақымшылық науқаны жүргізілмек. Бұл науқан бұрынғылардан өзгерек болады. Оcы жолы қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар ғана емес, әкімшілік баптармен істі болғандар да кешірімге ілігеді. Оны жүзеге асыру үшін арнайы заң әзірленіп, кеше Сенат отырысында мақұлданды.
Саясат • 12 Маусым, 2026
ШЫҰ: Жаңа белес пен зор мүмкіндіктер
Дүние дидарында диалог қай кезде де бәтуаластыққа жол бастайтын ең басты құндылық саналады. Елдердің бірлік пен бітімгершілік жолында өзара құлақ асуы және дәуір сұраныстарына сай тізе қосып жауап әзірлеуі халықаралық жүйенің орнықтылығын айқындай түседі. Әсіресе өзгерістер мен дағдарыстар тұсында мұндай бірлескен қадамдардың маңызы зор. Осы ретте қазіргі әлемде мемлекеттер арасындағы өзара сенімге селкеу түсуін диалогтің уақыт өткен сайын тапшы «ресурсқа» айналып бара жатқанының салдары дер едік.
Ауа райы • 12 Маусым, 2026
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде күн қатты ысып, ауа температурасы +35...+40°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.