Саясат • 29 Желтоқсан, 2022
Бүгіннің басты талабы – әлемінің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Жаһанды екі лагерьге бөлген текетірестердің жаңа ошағы пайда болған сайын, халықаралық келісімшарттар мен заң үстемдігі саясаттың көлеңкесінде қалып қойып жатқаны үлкен қынжылыс тудырады. Өйткені әділдік немесе ақиқат ауыса берсе, сенімнің құны қаншалықты болуы мүмкін?
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2022
80 мыңға жуық шаңырақ қоныс тойын тойлады Әу баста үйсіз-күйсіз жүрген отандастарымызды түрлі қаржылық тетікпен баспаналы ету үшін құрылған «Отбасы банк» көздеген мақсатына толық жетті деуге болады.
Қаржы • 29 Желтоқсан, 2022
Ғалымжан Пірматов: Белгілеген бағытымыз бен қолданған шараларымыз дұрыс болды
«Egemen Qazaqstan»-ға берген кезекті сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов аяқталуға тақау қалған жылдың басты макроэкономикалық сын-қатерлері мен қорытындылары туралы айтып берді. Сондай-ақ инфляция бойынша болжамдар, экономиканы несиелендіру, цифрлық теңгеге көшу мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғалды. Ұлттық банк төрағасы қаржылық реттеуші үшін келер жылы қандай міндеттер басымдыққа ие болатыны жайлы да ой-пікірін ортаға салды.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2022
Қазақ экономикасының басты, жаһан экономикасының жанама қуаты саналатын мұнайдың бағасы кейінгі кезде тұрақ таппай кетті. Қазіргі бағасы біз қуанатындай деңгейде емес. Өткен аптада лондондық ICE Futures биржасында Brent мұнайының ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне 79,91 доллар болды. Нью-Йорк тауарлық биржасындағы WTI мұнайының бағасы барреліне 75,62 доллар болып бекіді.
Білім • 29 Желтоқсан, 2022
Мектеп формасы жеңіл өнеркәсіптің өрісін кеңейте ме?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында мектеп формасын қолжетімді етудің маңызын, осы мақсатта мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн екенін атап өтті. Қоғамдық талқының тақырыбына айналған бұл мәселенің шешімі жеңіл өнеркәсіптің өрісін кеңейтіп, қайта жандандыруға ықпал етуі әбден мүмкін.