Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон-фикшн әлде көркем проза?
Бүгінгі қазақ қоғамының сұранысы мен интеллектуалды бағыты кітап сөрелеріндегі таңдаудан айқын аңғарылады. Көркем сөздің құдіретіне ғана иек артқан оқырман бүгінде прагматикалық мазмұнға – нақты ақпарат пен өмірлік тәжірибеге негізделген нон-фикшн әдебиетіне де айрықша көңіл бөле бастады. Осы екі бағыттың арасындағы бәсеке мен үндестік қандай? Egemen.kz тілшісі осы сауалдар төңірегінде баспагерлер мен қаламгерлердің пайымын саралап көрді.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды
Astana Hub қатысушысы, Сингапурда тіркелген қазақстандық Investbanq компаниясы капиталды басқаруға арналған AI-платформасымен танылғанымен, бұл жолы өзін нақты ірі мәміленің қаржылық әрі инвестициялық кеңесшісі ретінде көрсетті. Компания Қазақстандағы мыс жобасына қытайлық Lygend Resources & Technology Co., Ltd. корпорациясын стратегиялық инвестор ретінде тартып, Verum Mining-пен бірге бірлескен кәсіпорын құруға және қазақстандық тараптың үлесін сақтай отырып инвестициялық құрылымды қалыптастыруға атсалысты. Алғашқы кезеңі 125 млн АҚШ долларына бағаланған келісім жергілікті бастама мен жаһандық капиталдың тоғысқанын ғана емес, қазақстандық бизнестің бақылау мен стратегиялық ұстанымды сақтай отырып халықаралық инвестицияны тарта алатынын да аңғартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Желтоқсан, 2025
Заң архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік архивтердің мәртебесі мен қызмет тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді әрі жүйелі нормаларды айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 30 Желтоқсан, 2025
«Қазақконцерт» көрерменге мерекелік концертін ұсынды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында өткен «NEW YEAR with QAZAQCONCERT» атты жаңа жылдық концерт елорданың мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, биыл Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. Негізгі жетістіктердің бірі ретінде екі елдің байланысы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткенін айтуға болады. Бұл мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңіне айналды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.