Руханият • 27 Желтоқсан, 2018
Кеңес Аухадиев - Тәуелсіздік үшін күрескен асыл азамат
Желтоқсан көтерілісі қалғулы дүниені дүр сілкіндірді, КСРО-ның саяси негізін шайқады. Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев Желтоқсан көтерілісінің қарсаңында және одан кейін болған тәуелсіздік үшін күресте әділет жолынан таймады. Жау жарағынан түскен жара жанына батса да, сыр бермеді. Отарлаушы күштің ығымен жүрмеді, оның дегеніне көнбеді, оған тәуелді болмады. Сол үшін қиянат көрді, мехнат шекті. Саяси аласапыран аясындағы мұндай сұрапылдың қара бұлты Г.Колбин қызметтен алынып, Республика басшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келген соң ғана сейілді. Кеңес Мұстаханұлы жанына да, арына да дақ түсірмеген қалпы тәуелсіздікке жетті. Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы күнінен бастап елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға қызмет етті, бүгін де сол қызметін абыроймен жалғастырып келеді.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2018
Бес балуанымыз үздіктер қатарында
Халықаралық дзюдо федерациясы 2018 жылды қорытындылап, балуандардың рейтингін жаңартты. Жаңарған тізімде дзюдошыларымыздың нәтижелері жаман емес. Екі балуанымыз үздік 10 дзюдошының қатарына енген.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Көкшетау қаласы Жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындалуда. Мұз қалашықта түрлі бейнелермен бірге әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің мұздан жасалған мүсіні көпшілік көзайымына айналды.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2018
Жұмагүл Солтиеваның 70 жасқа толу құрметіне орай салтанатты жиын өтті
Қазақ әдебиетінде, жалпы қазақ халқының саяси-қоғамдық өмірінде күні бүгінге дейін әйел затының аты сирек аталып келген жоқ па?! Өткен ғасырдың басында әйел теңсіздігі деген ұран көтерілгенде, кейіннен гендерлік саясаттың туы желбірегенде қазақтың қайсар қыздары халықтың тұрмыс-тіршілігіне белсенді араласты. Бұрынғы қазақ әйелін үйде отырғызса, көзге ілмегендік емес, құрметтегендіктен деп түсіндіреді Әбіш Кекілбайұлы. Жау мен даудың өтіне бала мен жарды салмай алдымен өздері түскен біздің бабаларымыздың әрекеті мансұқтау емес, мәпелеу болатын.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
Танымал тұлғалардың ел алдындағы еңбегі мен ерлігі, ізгі істері келер ұрпаққа өнеге әм мұра болып қалады. Мәселен, ертеде ата-бабаларымыз туып-өскен кең байтақ даланың әр сүйем жерін қорғап қалу жолында күресуіне, қан төгуіне тура келді. Сондықтан қазақ баласы үшін ата-тегі мен өскен ортаның өткені мен бүгінін білу артық емес. Өйткені кешегісіз бүгін, бүгінсіз болашақ болмасы белгілі. Ұлт жадында заманында батыр, би болған Сартай атамыз ерекше орын алады. Жау жан-жақтан анталаған қиын-қыстау кезеңде 1711 жылы арғы атасы Ақназар ханның оң қолы болып Сауранды билеген Қосқұлақ бидің баласы, атақты Байжан бидің отбасында тұңғыш сәби дүниеге келді. Ол Арал теңізі мен Сыр бойындағы Әлім Шектісінің жақайым руынан шыққан атақты би әрі батыр Сартай Байжанұлы еді.