Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда тауар айналымына қатысатын барлық өнім Ұлттық тауарлар каталогінде (ҰТК) тіркелуі тиіс. Бұл талап сауда көлемінің, соның ішінде онлайн сауданың күрт өсуіне және елдегі цифрландыру үдерісінің жедел дамуына байланысты қабылданған. Жаңа жүйе мемлекет пен бизнес үшін ортақ, бірізді әрі ашық тауарлық деректер кеңістігін қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д'Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025
Шығармашылық зертхана: Айт-ман не айтқысы келеді?
Көркем шығарманы түсініп оқу – оны жазуға кеткен еңбекпен пара-пар үдеріс. Автор бейнелеп отырған өмір өзінің де санасында жаңғырып, өзі де сол өмірдің бөлшегіне айналуы үшін оқырман да санасына салмақ түсіруі қажет. «Мені қызықтыр», «не айтқың келгеніңді түсіндір» дейтін адамдар Гогольдің сиқыршы кейіпкері Пацюктің тамақ ішкенін еске түсіреді. Ол бұған келгенде мүлде қиналмайтын. Оның алдында бір тәрелке вареник пен қаймақ тұратын. Әлгі варениктер сиқырдың күшімен өзі көтеріліп, қаймаққа күмп етіп алып Пацюктің аузына қарай ағыла беретін. Бірақ оқу процесі Пацюктің түскі асына түк те ұқсамайтын құбылыс. Мұнда ешқандай сиқыр идеяны қара сөздің қаймағына матырып асқазаныңа жөнелтпейді. Шығарманы оқу нәтижелі болуы үшін оқырман өзі еңбек етуі керек, әрі ешқандай ғажайып оны бұл жұмыстан босата алмайды. Мәтіндегі күрделі сөздерді түсінуден бөлек, ондағы мәнді қабылдай алу үшін оқырман да шығармашылық еңбекке араласу қажет.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Қарағанды облысының жолдарында 160 полицей жұмыс істеп жатыр
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда барлық бағытта қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 30 Желтоқсан, 2025
Жаңажылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер
Жаңа жыл – отбасының әр мүшесін бір шаңырақ астында топтастыратын ғажайып мереке. Бұл күндері үлкендер күнтізбе ауысатын маңызды кезең алдында өткен жылды қорытындылап, келер жылға арналған жоспарларын бекітіп жатады. Ал бүлдіршіндер үшін жаңа жыл – ғажайып армандар орындалуы тиіс сиқырлы кезең. Олар үшін ортақ көңіл күй ауанын қалыптастырып, мерекелік көңіл күйді еселеуде фильмдер мен мультфильмдердің орны ерек. Әр үйде бауырмалдық, өзара түсіністік ауанын орнатып, жақсылыққа жетелейтін үздік фильм мен мультфильм топтамасын ұсынамыз, деп жазады Egemen.kz.