Саясат • 28 Желтоқсан, 2023
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) Сауд Арабиясы бақылаушы мемлекет ретінде қосылды. Бұл – Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету жолында құрлықтағы басты ұйымның географиясы одан әрі дамуындағы маңызды кезең.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласына арнайы келген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрғындармен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын тиімді іске асырудың өзекті мәселелері мен нәтижелері талқыланды.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2023
Активтерді қайтару: Ел игілігін еселендіретін қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың басында өткен Мәжілістің «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты кеңейтілген отырысында капиталды заңсыз шығару мәселесін өткір көтеріп, елден шығатын барлық транзакцияны және оларға қатысты адамдарды нақты бақылауды тапсырды.
Сараптама • 28 Желтоқсан, 2023
Мұнай бағыты басымдығын әртараптандыру
2023 жыл мұнай дәуірінің екінші кезеңінің беталысын тасымалдауды әртараптандырудың нәтижесі анықтайтынын байқатты. Демек мұнай дипломатиясындағы ойын ережесі соның нәтижесіне қарап анықталады. Қысқасы, бұл жыл бізге «Ресей арқылы мұнай тасымалдасаң, балама бағыт ойыңда болсын» деген қағиданы миымызға мықтап шегелегендей.
Еңбек • 28 Желтоқсан, 2023
Еңбек мигранттарына ерекше көзқарас
Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) миссиясының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын нығайту тұрғысында еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер сериясын өткізді.