Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020
Соңғы кездері Қарағанды қаласында белгісіз біреулердің шетелдік автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлап, кейін оларды қайтарып беру үшін ақша талап ететіні туралы шағымдар жиілеп кеткен болатын. Осы дабылдың негізінде Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы күдікті тұлғаларды ұстау мақсатында түнгі жедел-іздестіру топтарын құрды. Себебі тіркеу нөмірлерін ұрлау оқиғалары көбіне түнгі мезгілде жасалып келген еді.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020
Модернист Мо Янды қазақша оқимыз
Жақын арада қазақ оқырманы тағы бір классикалық шығармамен танысатын болады. «Фолиант» баспасы қытайлық жазушы, Нобель сыйлығының иегері (2012) Мо Янның «Өмір мен өлім азабы» романын қазақ тілінде жарыққа шығармақ.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020
Серік Ақсұңқарұлының жыр әлемі
Бір мезгілде 2-3 кітапты қатар оқи беретін әдет студенттік кезден қалыптасты. Әдеби жанрлар бірінен бірі өтеді, шедевр шығармалар көздің құрты, мен үшін мәңгілік аңсар. «Төбемнен жауһар жауып тұр» атты жасыл кітапты («Қазығұрт» баспасы, 2005 ж.) қайталап оқыдым. Авторы Ақсұңқарұлы, мұқабаға тек ақынның фамилиясы жазылғаны тартымды көрінді. Автор маған 2007 жылы қарашада жыр жинағын қолтаңбасымен берген еді. Оқу үстінде ежелден барлық кітапты белгілеп қоятын әдетім бар. Кітаптың артында бұрыннан өзім таңбалап қойған нұсқау көп екен. Сондықтан оны қозғамай, тосын талдауға кірістім.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2020
Жауапсыз ата-ана бақылауға алынады
Ақтөбе облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бала тәрбиесі алаңдатарлық отбасылардағы жағдайды қадағалау мақсатында «Отбасы» акциясы өтіп жатыр.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2020
Күш атасына арнап кешен салынады
«Батыс Еуропа – Батыс-Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы Ордабасы ауданының орталығы Темірланға кем дегенде әлемнің 54 мемлекетінен туристердің келуіне бір себеп бар. Қандай себеп дерсіз?